"Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2015 жылғы 3 қарашадағы N 36-5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қарашада N 3470 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 29.11.2016 № 7-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес, Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
       1. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 2342 тіркелген, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Аққайың" газетінде, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
       көрсетілген шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидаларында:
       1-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
       "жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      V шақырылған ХХXVI сессия
төрағасы
А. Үмбетов
       Аққайың ауданы мәслихатының
хатшысы
Қ. Құрманбаев
       "КЕЛІСІЛДІ":
      "Аққайың аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Қ. Садыков
      2015 жылғы 3 қараша
      "Аққайың аудандық тұрғын
үй коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
басшысы
В. Бабинов
      2015 жылғы 3 қараша
      "Аққайың аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Е. Гонтарь
      2015 жылғы 3 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады