Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы N 7-10 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 15 желтоқсанда N 3963 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 26-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 29.11.2018 № 26-6 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері айқындалсын.

      2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Аққайың ауданы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      VI шақырылған VIIсессия
төрағасы
А. Фильберт
      Аққайың ауданының
мәслихатының хатшысы
С. Мұқанов

  Аққайың ауданының мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-10 шешімімен бекітілген

Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері

      1. Осы Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері (бұдан әрі - аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 Қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)тұрғынүй көмегін көрсетудің тәртібін және мөлшерін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға)тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      3) уәкілетті орган – "Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      4) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.

      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Аққайың ауданы аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына беріледі.

2. Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі және мөлшері

      4. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      5. Аққайың ауданында аз қамтылған отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық тобына он пайыз көлемінде айқындалады.

      6. Жеке басында бір тұрғын үйден артық (пәтер, үй) немесе тұрғын үйін жалға (арендаға) беретін аз қамтамасыз етілген отбасылар (азаматтар) тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      7. Өтемақы шараларымен аз қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасына бір адамға 18 шаршы метр, жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метр қабылданады.

      Тұрғын үй көмегi оның ішіне жатпайтын барлық топтағы мүгедектер мен бір айдан артық стационардағы емдеудегі адамдарды, оқушылар, күндізгі оқу орындарындағы студенттер, тыңдаушылар, курсанттар мен магистранттарды, сондай – ақ бірінші және екінші топ мүгедектерін, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды күтетіндерді, сексен жастан асқан қарттар мен 7 жасқа дейінгі балалармен отырған тұлғаларды қоспағанда, жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмегендерге, ұсынылған жұмыстан, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орындар мен қоғамдық жұмыстардан, кәсіби оқу мен қайта оқудан, кәсіптігін жоғарылатудан себепсіз бас тартқан жұмыссыздардың отбасыларына көрсетілмейді.

      Жұмыссыздың отбасына тұрғын үй көмегі оның жұмысқа орналасқан күнінен бастап, соның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсіби дайындыққа, қайта дайындауға, кәсіптілігін жоғарылатуға барған күнінен бастап қайта тағайындалады.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) (бұдан әрі - өтініш беруші) "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметтер стандартына сәйкес құжаттарды ұсынады, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы" және "www.egov.kz. "электронды үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      9. Коммуналдық қызметтің қолдану нормалары мен тарифын қызметті жеткізуші ұсынады.

3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу

      10. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстарынан "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы негізінде есептеледі.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      11. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудан бюджетінде тиісті қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      12. "Аққайың аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы, өтініш берушінің дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

  Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-10 шешіміне қосымша

Күші жойылды деп танылған Аққайың ауданы мәслихатының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 2342 болып тіркелген, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Аққайың" газетінде, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Колос" газетінде жарияланған).

      2. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданының мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2013 жылғы 7 қарашадағы № 17-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2013 жылғы 26 қарашада № 2411 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсандағы "Аққайың" газетінде, 2013 жылғы 5 желтоқсандағы "Колос" газетінде жарияланған).

      3. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы N 12-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 23-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 2688 болып тіркелген, 2014 жылғы 1 мамырдағы "Аққайың" газетінде, 2014 жылғы 1 мамырдағы "Колос" газетінде жарияланған).

      4. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы N 12-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 3 қарашадағы № 36-5 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылғы 20 қарашада № 3470 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсандағы "Аққайың" газетінде, 2015 жылғы 3 желтоқсандағы "Колос" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады