"Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы N 12-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі N 23-3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде N 2688 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 7-10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 29.11.2016 № 7-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" Аққайың ауданы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 12-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 31 шілдеде № 2342 тіркелген, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Аққайың" газетінде, 2013 жылғы 8 тамыздағы "Колос" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Аққайың ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасында:
      3 тармақ 3) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      V шақырылған ХХIII сессия
төрағасы
А. Фильберт
      Аққайың ауданы
мәслихатының
хатшысы
Қ. Құрманбаев
      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Аққайың аудандық жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Е. Галыгина
      2014 жылғы 17 сәуір
       "Аққайың аудандық тұрғын үй
      коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
басшысы
В. Бабинов
      2014 жылғы 17 сәуір
      "Аққайың аудандық экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Е. Гонтарь
      2014 жылғы 17 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады