Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 22 қазандағы N 389 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 қарашада N 2397 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі N 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 01.04.2014 N 75 қаулысымен

      «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесінің 120-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                               Қ. Пішенбаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігінің
      агроөнеркәсіптік кешендегі
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Мағжан Жұмабаев
      аудандық аумақтық инспекциясы»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы            А.О. Сағандыков

      «КЕЛІСІЛДІ»

      «Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша
      мемлекеттік санитарлық–эпидимиологиялық
      қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
      басшысы                                    С.Н. Жигаев

      Солтүстік Қазақстан облысы
      Мағжан Жұмабаев ауданы
      әкімдігінің 2013 жылғы
      22 қазандағы № 389
      қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған арнайы бөлінген орындар


п/п

Автодүкендерді және (немесе) шатырларды орналастыру орындары

1.

Сәбит Мұқанов көшесі (жанармай құю стансасы және Әлия Молдағұлова көшесі аралығында)

2.

Буденного көшесі («Светлана» дүкенінің жанында)

3.

Мұңай айдау стансасы (асхана ғимаратының жанында)

4.

«Достық» саябағы(мереке күндері)

5.

Орталық алаң (мереке күндері)

Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Булаево района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области

Постановление акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 22 октября 2013 года N 389. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 11 ноября 2013 года N 2397. Утратило силу постановлением акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 01 апреля 2014 года N 75

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области от 01.04.2014 N 75

      В соответствии со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 12 апреля 2004 года «О регулировании торговой деятельности», пунктом 120 Правил внутренней торговли, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 2005 года № 371 «Об утверждении Правил внутренней торговли», акимат района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить специально отведенные места для осуществления выездной торговли на территории города Булаево района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области, согласно приложению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района                               К. Пшенбаев

      «СОГЛАСОВАНО»

      Руководитель государственного учреждения
      «Территориальная инспекция района
      Магжана Жумабаева Комитета
      государственной инспекции
      в агропромышленном комплексе
      министерства сельского хозяйства
      Республики Казахстан»                      А.У. Сагандыков

      «СОГЛАСОВАНО»

      Руководитель государственного учреждения
      «Управление государственного
      санитарно-эпидимиологического
      надзора по району Магжана Жумабаева       С.Н. Жигаев

      Приложение
      к постановлению акимата
      района Магжана Жумабаева
      Северо-Казахстанской области
      от 22 октября 2013 года № 389

Специально отведенные места для осуществления выездной торговли на территории города Булаево района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области


п/п

Места установки автолавки и (или) палатки

1.

Улица Сабита Муканова (между автозаправочной станцией и улицей Алии Молдагуловой)

2.

Улица Буденного (на прилегающей территории магазина «Светлана»)

3.

Нефтеперекачивающая станция (возле здания столовой)

4.

Парк «Достық» (в праздничные дни)

5.

Центральная площадь (в праздничные дни)