Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 01.04.2014 N 75 қаулысымен
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесінің 120-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген орындары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Пішенбаев
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Мағжан Жұмабаев
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы А.О. Сағандыков
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мағжан Жұмабаев ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық–эпидимиологиялық
қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
басшысы С.Н. Жигаев
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкімдігінің 2013 жылғы
22 қазандағы № 389
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған арнайы бөлінген орындар
№ |
Автодүкендерді және (немесе) шатырларды орналастыру орындары |
1. |
Сәбит Мұқанов көшесі (жанармай құю стансасы және Әлия Молдағұлова көшесі аралығында) |
2. |
Буденного көшесі («Светлана» дүкенінің жанында) |
3. |
Мұңай айдау стансасы (асхана ғимаратының жанында) |
4. |
«Достық» саябағы(мереке күндері) |
5. |
Орталық алаң (мереке күндері) |