Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы мәслихатының 17.04.2019 № 49/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйегіндегі № 6/1 "Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесі туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1908 болып тіркелген, 2012 жылдың 9 қарашасында "Знамя труда" газетінде, 2012 жылдың 23 қарашасында "Солтүстік жұлдызы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
нұсқалған шешімнің тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы туралы";
нұсқалған шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы бекітілсін.".
нұсқалған шешіммен бекітілген Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің ережесінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
"Мамлют ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидасы";
5-тармақ келесі мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар колданылатын түбіртек-шот.".
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | А. Токарев |
Солтүстік Қазақстан облысы | |
Мамлют аудандық мәслихат | |
хатшысының міндетін атқарушы | Д. Могунова |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының |
|
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" |
|
мемлекеттік мекемесінің бастығы | В. Артимович |
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының |
|
тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар |
|
көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" |
|
мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Қ. Әмірин |
"Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының |
|
экономика және қаржы бөлімі" | |
мемлекеттiк мекемесi бастығының м.а. |
А. Яковенко |