Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.07.2014 N 25/180-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Сәйкестендіру нөмерлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» 2011 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 394 қаулысының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және құжаттар тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8/55-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2765 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 санында «7 дней» газетінде жарияланған) шешімге келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 2-тармағындағы 4) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы А. Кулинич
Курчатов қалалық
мәслихатының хатшысы Г. Қарымбаева