"Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және құжаттар тізбесін айқындау туралы" 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8/55-V шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 маусымдағы N 13/92-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 16 шілдесінде N 2992 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 04 шілдедегі N 25/180-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.07.2014 N 25/180-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Сәйкестендіру нөмерлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағына, «Жергiлiктi атқарушы органдар көрсететiн әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк қызметтердiң стандарттарын бекiту туралы» 2011 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң № 394 қаулысының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. «Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және құжаттар тізбесін айқындау туралы» 2012 жылғы 21 қарашадағы № 8/55-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2765 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 санында «7 дней» газетінде жарияланған) шешімге келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 2-тармағындағы 4) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрайымы                                      А. Кулинич
      
      
      Курчатов қалалық
      мәслихатының хатшысы                              Г. Қарымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады