Әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын және құжаттар тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы N 8/55-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылдың 12 желтоқсанында N 2765 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2014 жылғы 04 шілдедегі N 25/180-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 04.07.2014 N 25/180-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес Курчатов қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Әлеуметтік көмек көрсетуге құқығы бар жеке тұлғалардың мынадай санаттары айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;
      4) зейнеттік жастағы тұлғалар, ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
      5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
      7) көп балалы отбасылар:
      «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналар;
      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары бар, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік ұйымдарында, орта білімнен кейін білім беретін ұйымдарда, жоғарғы оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ, әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      8) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері, аз қамтылған отбасылардан шыққан жалпы орта білім беру мектептерінің түлектері және студенттер;
      9) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтылған азаматтар;
      10) онкологиялық аурулары бар, АИТВ жұқтырған, ЖИТС пен және туберкулездің әр түрлі түрімен ауыратын азаматтар;
      11) дүлей апаттардан зардап шеккен азаматтар (өрт, су тасқыны, дауылдар).
      2. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге арналған өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) мекенжайы бойынша тіркеуін растайтын құжат: азаматтарды тіркейтін кітап (мекен-жайлық анықтама);
      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 20.06.2013 N 13/92-V шешімімен (ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі);
      5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) өтініш берушінің материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеу актісі;
      8) өтініш берушінің екінші деңгейдегі банктегі жеке шоты.
      Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Сессия төрағасы                                      В. Демышев
      
      Курчатов қалалық
      мәслихатының хатшысы                              Г. Қарымбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады