Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 03.10.2018 № 26-5/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берiлсін.
Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.
Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 9200 (тоғыз мың екі жүз) теңге көлемінде ұсынылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 21.08.2014 № 27-5/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 42-6/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Рахимов |
Аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Р. Беспаев |