Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 26-5/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Көкпекті аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 26 қазанда № 5-15-126 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 03.07.2020 № 48-5/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау жылына бір рет 12 500 (он екі мың бес жүз) теңге мөлшерде көрсетіледі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 25.10.2019 № 40-5/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу (әрі қарай - әлеуметтік қолдау) бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің келесі тәртібі белгіленсін:

      1) әлеуметтік қолдау тағайындауды уәкілетті орган – "Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады;

      2) жеке тұлға (немесе оның нотариалдық сенімхатпен расталған өкілі) әлеуметтік қолдауды алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге немесе кент, ауылдық округ әкіміне еркін түрде өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттардың тізімін ұсынады.

      3) әлеуметтік қолдау тағайындау туралы шешімді немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты әлеуметтік қолдауды тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган келесі мерзімде қабылдайды:

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамға, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың топтамасын тіркеген сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні;

      тұрғылықты жері бойынша кент, ауылдық округтің әкіміне құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні;

      4) әлеуметтік қолдау тағайындаудан бас тартуға негіз болады:

      өтініш беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуы;

      өтініш беруші берген мәліметтердің жалған болуы немесе берілген құжаттардың сәйкес келмеуі;

      Көкпекті ауданынан тыс ауылды жерлерде тұруы;

      лауазымдарды біріктірген кезде, негізгі жұмыс орны бойынша әлеуметтік қолдау алушының лауазымы әлеуметтік қолдауға құқық беретін лауазымдар тізіліміне сәйкес келмесе;

      ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау тағайындалған жағдайда, жыл ішінде екінші рет жүгінсе.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 25.10.2019 № 40-5/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Р. Кажиакберов
      Көкпекті аудандық
      мәслихат хатшысы Т. Сарманов

  Көкпекті аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 3 қазандағы
№ 26-5/3 шешіміне
қосымша

Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізілімі

      1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3106 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 желтоқсандағы "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газеттерінде жарияланған).

      2. Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы № 27-5/4 "Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3481 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қыркүйектегі "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газеттерінде жарияланған).

      3. Көкпекті аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 42-6/4 "Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4344 болып тіркелген, 2016 жылғы 27 қаңтардағы "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады