Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы N 27-5/4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте N 3481 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 26-5/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 03.10.2018 № 26-5/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 7 қарашадағы № 19-4/3 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3106 тіркелген, 2013 жылғы 6 желтоқсандағы "Жұлдыз"-"Новая жизнь" № 95-96 газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Көкпекті ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берiлсін.

      Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.

      Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 8600 (сегіз мың алты жүз) теңге көлемінде ұсынылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы

Көкпекті аудандық

мәслихатының хатшысы

Е. Сихварт

Р. Беспаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады