Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі "Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 406 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. | Мамытбеков |
Келісілген | |
Қазақстан Республикасы | |
Еңбек және халықты | |
әлеуметтік қорғау министрі | |
Т. Дүйсенова | |
2014 жылғы 7 сәуір |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/48 бұйрығымен бекітілген |
Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандарты
1.Жалпы ережелер
1. Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС):
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау, біліктілікті көтеру және дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын белгілеуге;
3)аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарын белгілеуге;
4) кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
5)персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
7)мамандарды кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;
ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және тағы да басқалар әзірленуі мүмкін.
4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – жұмысшының еңбектің нақты түрін орындауда кәсіби дайындық дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) еңбек заты – нақты еңбек құралдары көмегімен өнім әзірлеу мақсатында жұмысшының әрекеттері бағытталған зат;
4) еңбек құралдары – еңбек заттарын бастапқы жағдайынан өнімге түрлендіруде жұмысшының қолданатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіліктердің тұтас жиынымен құрамдастырылған кәсіби қызмет саласының құрама бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үрдісімен анықталатын және еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;
7) кәсіби қызметтің саласы – ортақ интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС– кәсіби іс-әрекеттің нақты саласындағы біліктілік деңгейлерге, құзыреттіліктерге, сонымен қатар еңбек мазмұны, сапасы және шарттарына қойылатын талаптарды анықтайтын стандарт;
9) КС бірлігі – КС еңбек қызметінің нақты түрі бойынша маңызды, қатысымды дербес, аяқталған, бүтін нақты еңбек функциясының толық сипаттамасының құрылымдық элементі;
10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен куәландырылатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қаблеті;
12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
13) міндет – нақты еңбек заттары мен құралдарын пайдаланып еңбек функциясын жүзеге асырумен және нәтижеге жетуге байланысты әрекеттер жиынтығы;
14) сала – өндірілетін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ мекемелер мен ұйымдардың жиыны;
15) салалық біліктілік шеңбері – салада танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығындағы танылған біліктілік деңгейлердің құрылымдық сипаттамасы;
17) функционалдық карта – бір немесе басқа да кәсіби қызмет саласында нақты қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 01.41 Жануарлардың сауын тұқымын өсіру, 01.42 Жануарлардың және енекенің басқа да тұқымдарын өсіру, 01.43 Жылқы және басқа да тұяқты тұқымдарды өсіру, 01.44 Түйелерді және түйе тұқымдастарды өсіру, 01.45 Қойлар мен ешкілерді өсіру, 01.46 Шошқалар мен торайларды өсіру, 01.47 Құс шаруашылығы, 01.49 Жануарлардың басқа да түрлерін өсіру.
6. Экономикалық зооинженерлік қызмет түрінің негізгі мақсаты – өсіру,тұқымдық малдарды тиімді қолдану және қорғау, олардың денсаулығы мен өскелеңдігін сақтау.
КС ҚР МЖ 03-2007: 01 өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аң аулау және осы салалардағы қызметтерді көрсету кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.
Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:
зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты;
бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі;
3.Еңбек қызметі (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты
8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3-4
9. Лауазымның мүмкін атаулары: зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты.
10. "Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: жануарларға күтім, оларды тамақтандыру, оларды ұстау жерін тазалау. Зоогигиеналық ережелерді орындау.
11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
12. Зертханалық жануарлар тәлімбағы зоолаборантының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
13. Еңбек функцияларын айқындайтын, зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
14. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты орындайтын КС бірліктерін сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
15. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборантың құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5,6-кестесінде көрсетілген.
2-параграф. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі
16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 5-7.
17. Лауазымның мүмкін атаулары: бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі.
18. "Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: мал шаруашылығын үдету бойынша, өнеркәсіптік негізге оны ауыстыру. Табынның ұрпағын өсіруін жақсарту және төл шығуын көтеру бойынша жұмыс.
19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
20. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигінің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
21. Еңбек функцияларын айқындайтын, бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
22. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
23. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигінің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5, 6, 7- кестелерінде көрсетілген.
4. КС әзірлеушілер
32. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.
33. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандартының 1-қосымшасы |
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с | Қызмет түрі атауы | Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы | 01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы | СБШ біліктілік деңгейлері |
1. | Зооинженерлік қызмет | Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты | Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты | 3-4 |
2. | Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі | Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі | 5-7 |
Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандартының 2-қосымшасы |
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ) | |
Базалық топ | 6129 Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты |
Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА) | |
Шығарылым, БТБА тарауы | 29-шығарылым, Дәрі-дәрмек, дәрумен, медициналық, бактериялық және биологиялық препараттар мен материалдарды өндіру |
БТБА бойынша кәсібі | Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты |
СБШ біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтар |
3 | 4-5 |
4 | 6 |
2-кесте. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборантының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) | Мал шаруашылық кәсіпорындар, мал шаруашылық жайлары, мал дәрігерлік нысандар, фермерлік және шаруа қожалықтары | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары | Жарақаттанушылық қауіпі, жануарлардың қолайсыз зооноздық аурулары бойынша қызмет көрсеткен кезде ауруды жұқтыру қаупі | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес | ||
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі | Қажетті еңбек тәжірибесі | |
3 | Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту) | Талап етілмейді |
3-кесте. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функцияларының шифры | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі) |
1 | Жануарларға күтім, оларды тамақтандыру, оларды ұстау жерін тазалау. Мал мен құстардың ауруы мен жаппай құрылудың алдын алу бойынша зоогигиеналық ережелер мен профилактикалық іс-шаралары |
2 | Жануарлардың ас үлесін құруға қатысады. Жабдықты, жайларды, механизация құралдарын және басқа қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді. Зоотехникалық құжаттаманы толтырады. Жарақаттанғанда, уланғанда жануарларға алғашқы жәрдем көрсетеді |
3 | Жануарлардың өнімділігін көтеру, табынның ұрпақ өсіруін жақсарту және төл шығуын көтеру бойынша жұмысты жүргізеді |
4-кесте. Зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборанты орындайтын
КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функцияларының шифры | Еңбек заттары | Еңбек құралдары | Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 | Жануарлар | Халат, резеңке етік, қолғап, алжапқыш және т.б. | 1-1) Малға күтім, оларды тамақтандыру, суару |
2 | Жануарлар | Арқан, халат, резеңке етік, қолғап, алжапқыш және т.б. | 2-1) Мал күйіне бақылау жасау, оларды ұстау жерлерін тазалау |
3 | Жануарлар | Арқан, халат, резеңке етік, қолғап, алжапқыш және т.б. | 3-1) Жануарлардың өнімділігін көтеру, табынның ұрпақ өсіруін жақсарту және төл шығуын көтеру бойынша жұмыс |
5-кесте. СБШ біліктіліктің 3- деңгейлі зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборантының құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры | Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер | Біліктер мен дағдылар | Білімдер |
1-1) | Тікелей басшылықпен негізгі практикалық және танымдық машықтар қолдануымен стандартты практикалық міндеттерді шешу | Стандартты практикалық міндеттерді шеше білу | Кәсіби дайындық барысында алынған практикалық- бағытталған кәсіби білімдері |
2-1) | Нәтижелер мен жұмыс сапасына жауапкершілік, мал күйіне бақылау жасау, оларды ұстау жерлерін тазалау | Практикалық тәжірибе және білімі негізінде іс-әрекеттер әдісін таңдау дағдысы | Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы білімдер |
6-кесте. СБШ біліктіліктің 4- деңгейлі зертханалық жануарлар тәлімбағының зоолаборантының құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры | Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер | Біліктер мен дағдылар | Білімдер |
1-1) | Тікелей басшылықпен негізгі практикалық және танымдық машықтар қолданумен стандартты практикалық міндеттерді шешу | Стандартты практикалық міндеттерді шешу білу | Кәсіби дайындық барысында алынған практикалық- бағытталған кәсіби білімдері |
2-1) | Нәтижелер мен жұмыс сапасына жауапкершілік, мал күйіне бақылау жасау, оларды ұстау жерлерін тазалау | Практикалық тәжірибе және білімі негізінде іс-әрекеттер әдісін таңдау дығдысы | Қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы білімдер |
3-1) | Жұмыс кезінде өз денсаулығы мен қаіпсіздігі және басқа адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне жауап береді. Табынның ұдайы өсуін жақсарту және төл санын көбейту бойынша жұмыс | Табынның ұдайы өсуін жақсарту және төл санын көбейту бойынша жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ету | Мал өнімділігін арттыру, табынның ұдайы өсуін жақсарту және төл санын көбейту бойынша жұмыс |
Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандартының 3-қосымшасы |
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ) | |
Базалық топ | 2211 Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі 1221 Бас зоотехник; |
Ауыл шаруашылығы саласының басшылары және мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 17/308 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 8 тамызда № 8614 тіркелді) | |
СБШ біліктілік деңгейі | Санаттар |
5 | Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі (жоғарғы білім)– санатсыз, II, I |
6 | Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі (ЖОО-дан кейінгі білім) – санатсыз, II, I |
7 | Бас зоотехник |
2-кесте. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі, бас зоотехниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) | Мал шаруашылық кәсіпорындар, мал шаруашылық жайлары, мал дәрігерлік нысандар, фермерлік және шаруа қожалықтары | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары | Жарақаттанушылық қауіпі, жануарлардың қолайсыз зооноздық аурулары бойынша қызмет көрсеткен кезде ауруды жұқтыру қаупі | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес | ||
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі | Қажетті еңбек тәжірибесі | |
5 | Техникалық және кәсіби білім(орта буын маманы), орта білімнен кейінгі білім, практикалық тәжірибе немесе жоғарғы білім | Санатсыз – еңбек тәжірибесі талап етілмейді; II санат – санатсыз лауазымда 1 жылдан кем емес; I санат - II санат лауазымында 1 жылдан кем емес | |
6 | Жоғарғы білім (бакалавриат), практикалық тәжірибе | Санатсыз – еңбек тәжірибесі талап етілмейді; II санат – санатсыз лауазымда 1 жылдан кем емес; I санат - II санат лауазымында 1 жылдан кем емес | |
7 | Жоғарғы білім, практикалық тәжірибе. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, практикалық тәжірибе | 5 жылдан кем емес |
3-кесте. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын
КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функцияларының шифры | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі) |
1 | Ауыл шаруашылығының әр түрлі тұқымды жануарларын өнім өндірісін жақсарту үшін дайындау. Бастапқы зоотехникалық құжаттаманы жүргізеді, тіркелген қызмет көрсету аймағында мал өсіреді. Мал шаруашылығын дамыту, табынның ұдайы өсуін жақсарту, малдың өнім бергіштігін арттыру, төл санын көбейтуге бағытталған шараларды әзірлейді, жүзеге асырады. |
2 | Ветеринариялық-санитарлық ережелер мен нормаларына сәйкес жануарлардың (физиологиялық жағдайына қарай) жыныстық жастық топтарға ауысуын жүзеге асырады, азықтандырады, күтеді. Азықтық шығындар кітабын жүргізеді. Жануарларды азықтандыру тәртібін құрастырды |
3 | Азықты, жайылымды және басқа малазықтық жер-суды тиімді пайдалану, ұстау, тамақтандыру және мал басын күтудің ең жаңа әдістерін фермаларда енгізеді. Қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау нормалары мен ережелері, өрт қауіпсіздігі бойынша заңнама сақталуын қамтамасыз етеді |
4 | Мол өнімді мал өсіру бойынша селекциялық-тұқым жұмыстарын, аналық мал басының қысырлығын төмендету бойынша жұмыстарды басқарады. Сүттің майлылығы, қоюлығы, қышқылдығы және тазалығы бойынша анализдерді ұйымдастырады. Мал шаоуашылығына қажет жабдықтарды, қосалқа бөлшектерді, жөндеу материалдарын және т.б. материалды құралдарды сатып алу бойынша өтінімдерді құрастыруға қатысады. |
5 | Айлық, тоқсандық және жылдық жоспарларды әзірлеуге, жылдық есептерді жасауға қатысады. Өндірісті қарқындату, негізгі құралдарды, еңбек және материалдық ресурстарды тиімді қолдану бойынша шараларды әзірлеуге және олардың жүзеге асуына, ғылым жетістіктері мен озық тәжірибелердің енгізуіне қатысады. |
4-кесте. Бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі орындайтын КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функцияларының шифры | Еңбек заттары | Еңбек құралдары | Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 | Жануарлар | Нормативтік құжаттар | 1-1) Жұмысы:өнім өндіру үшін әр түрлі тұқымды ауылшаруашылық жануарларын дайындау |
1-2) Алғашқы зоотехникалық құжаттаманы жүргізеді және қызмет көрсетудің бекітілген аймағында жануарларды өсіреді. | |||
2 | Жануарлар | Нормативтік құжаттар | 2-1) Ауыл шаруашылығы жануарларын көбейту және өсіру |
2-2) Азықтық шығындар кітабын жүргізеді. Жануарларды азықтандыру көлемін құрастырады. | |||
3 | Жануарлар | Нормативтік құжаттар | 3-1) Азықты, жайылымды және басқа малазықтық жер-суды тиімді пайдалануды ұйымдастыру |
5-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры | Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер | Біліктер мен дағдылар | Білімдер |
1-1) | Нақты учаскесінде олардың әрекеттер нәтижесіне жауапкершілік алумен қызметкерлер тобына басшылық ету | Шешімдердің алуан түрлілігін қамтитін практикалық міндеттерді шешу | Өнім өндіру үшін әр түрлі тұқымды ауыл шаруашылық жануарларын дайындаудағы кәсіби, теориялық және практикалық білім мен тәжірибе |
1-2) | Жұмыс барысын бақылай отырып, адами ресурстарды бөлу, нақты және нәтижелі нұсқаулықтар беру | Белгіленген қызмет көрсету аумағында жануарларды өсіру және құжаттаудағы практикалық және танымдық дағдыларды қолдану | Белгіленген қызмет көрсету аумағында жануарларды өсіру және бастапқы зоотехникалық құжаттаманы толтыру саласындағы жан-жақты білім |
2-1) | Алдын ала құрастырылған жоспарларға, сапа нормаларына, жұмысты орындау кестесіне және қаржы жоспарламасына сәйкестігін салыстырып, жұмыс барысын басқарады | Кәсіби қызмет аясында есепке алуды жүргізе білу | Ауыл шаруашылық жануарларын өсіру және көбейту бойынша мәселелерді шешу үшін қажетті ақпаратты өздігінен іздеу |
2-2) | Алдын ала белгіленген критерий мен нормаларға сәйкес кәсіби қызметтің тәртібін құжаттайды және нәтижелерді бағалайды | Шығармашылық тәсілдеме, азықтық шығындарды есептеу және жануарларды азықтандыру көлемін дербес әзірлеу дағдысы. | Азықтық шығындар кітабын жүргізу және жануарларды азықтандыру көлемін құрастыру кезінде негізгі үдерістерді ескереді және міндеттерді анықтайды |
6-кесте. СБШ біліктіліктің 6-деңгейлі бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры | Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер | Біліктер мен дағдылар | Білімдер |
1-1) | Атқарушылық қызмет: міндеттерді анықтау және қойылған мақсатты есепке алумен қызметті жоспарлау. | Жаңа ілімді дамыту және әр түрлі салалардағы білімдерді қолданысқа енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті жүзеге асыру, өз ойларын жазбаша және ауызша дұрыс және қисынды білдіру | Зооинженерлік істегі кәсіби, ғылым білімдері мен тәжірибелерін жинақтау. Өнімді өндіру үшін ауылшаруашылық жануарлырын дайындауда стартегиялық әдістемелер қолданумен міндеттер мен мәселелерді шешу тәсілдерін анықтау |
1-2) | Стратегиялық жоспарлаудың нәтижелеріне жетуді ескере отырып, бөлімше деңгейінде нәтижелерге жауапкершілікті ала отырып, қызметшілердің жұмысын басқару | Кәсіби қызметінде кең білімдерін, техникалық және құқықтық ұстанымдарын және басқару әдістері мен ұстанымдары қатарын қолданады. | Бастапқы зоотехникалық құжаттама бойынша тар шеңбердегі кәсіби қызметті жүзеге асыру |
2-1) | Бөлімше немесе ұйым қызметінің стартегиясын, үдерістерді мен қызметті басқару ұстанымдарын анықтау | Ауыл шаруашылық жануарларын өсіру және көбейту кезінде теориялық білімді практикада қолдану дағдысы | Ауыл шаруашылық жануарларын өсіру және көбейту қағидалары |
2-2) | Персоналдың кәсіпқойлығы мен біліктілігін арттыру бойынша шешім қабылдайды. Соңғы нәтижеге бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді меңгереді | Кәсіби қызметінде кең білімдерін, техникалық және құқық ұстанымдарын және басқару әдістері мен ұстанымдары қатарын қолданады. | Қызметтің осы түріне сипатты тәуекелдерді түсінеді, оларды басқара және минималды деңгейге келтіре алады |
7-кесте. СБШ біліктіліктің 7- деңгейлі бөлімше (кешеннің, ауыл шаруашылық учаскесінің, ферманың) зоотехнигі құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры | Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер | Біліктер мен дағдылар | Білімдер |
1-1) | Нақты учаскесінде олардың әрекеттер нәтижесіне жауапкершілік алумен қызметкерлер тобына басшылық ету | Шешімдердің алуан түрлілігін қамтитін практикалық міндеттерді шешу | Атойнақта бір асыл тұқымды жылқы немесе тұқымдар топтарын ұстау, азықтандыру, жаттықтыру мен сынауда кәсіби білімдер мен практикалық тәжірибе |
1-2) | Қызметкерлердің техникалық даярлығына, денсаулығына және қауіпсіздігіне, олармен белгілі міндеттер орындалған кезде қауіпсіздік техникасы, гигиеналық және қоршаған ортаны қорғау нормалары сақталуына толық жауапты | Шығармашылық тәсілдеме, жылдық есептерді әзірлеуде әр түрлі тәсілдерді, оның ішінде баламалы тәсілдерді, дербес әзірлеу және ұсыныс жасау | Жылқыларды сынаудың айлық, тоқсандық және жылдық жоспарларын әзірлеу, жылдық есепті құру білімі |
1-3) | Алдын ала әзірленген жоспарларды, сапа нормаларын, жұмыстарды орындау кестесін және қаржы сметасын есепке ала тұрып, жұмыс барысын бақылайды | Стратегиялық жоспарлауда, жұмысты бағалауда, жағдайды талдауда практикалық және танымдық машықтарын қолданады | Міндеттерді анықтайды, жоспарлаудың негізгі үдерістерін және жоспарларды жұмыс үдерістеріне өткізуді есепке алады |
1-4) | Басқа бөлімшелерге тапсырылатын немесе дайындаушы немесе қайта өңдеуші кәсіпорынмен сатылатын мал шаруашылық өнімінің саныны және сапасына есеп алуды ұйымдастырады | Стандартты практикалық міндеттерді орындау білігі, дербес жоспарлау, еңбек үрдісі мен оның нәтижесін бағалау дағдысы | Жүйелік талдау мен кәсіби жағдайларды жоспарлау әдістемесі туралы жанжақты білімге ие болады |
Зооинженерлік қызметтегі кәсіби стандартының 5–қосымшасы |
Келісу парағы
Ұйымның атауы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы КС тіркелді_____________________________________________________
Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу № ___________________
Хат (хаттама) № ____________________ Күні____________________________