РҚАО-ның ескертпесі!
2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын және «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу;
2) Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы есептер берсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 406 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу
Р/с |
Іс-шаралар атауы |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Саны |
Сомасы, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ИЖТМ |
35 |
34 349 |
2 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ТЖМ |
5 |
5250 |
3 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
АШМ |
26 |
27300 |
4 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ӨДМ |
8 |
8400 |
5 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ККМ |
31 |
32550 |
6 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
Еңбекмині |
19 |
19 950 |
7 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
БҒМ |
10 |
10500 |
8 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ДСМ |
25 |
26250 |
9 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
МАМ |
5 |
5 152 |
10 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
СДШІА |
1 |
1050 |
11 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ЭБЖМ |
1 |
1050 |
12 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ҰҒА |
4 |
2 685 |
13 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
ІІМ |
5 |
5250 |
14 |
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу |
СА |
1 |
875 |
15 |
БАРЛЫҒЫ: |
176 |
180 611 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі
ТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі
ККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
СДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі
ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
ҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
СА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 сәуірдегі
№ 406 қаулысымен
бекітілген
Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға бөлінетін қаражатты
пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын және «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – білім беру және ғылым, ауыл шаруашылығы, индустрия және жаңа технологиялар, көлік және коммуникация, мәдениет және ақпарат, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар, өңірлік даму, ғарыш қызметі, статистика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органдар.
3. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшілер бөлетін қаражатты пайдалану
тәртібі
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттың құрылымына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 374-ө-м бұйрығымен бекітілген Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу қағидасына сәйкес кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттарды әзірлеу кезінде кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуді, еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуды қамтамасыз етеді.
6. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға көзделген қаражатты бөлу және пайдалану бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кәсіптік стандарттарды әзірлеуге арналған қызметтерді сатып алуы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.
8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы есептер мынадай:
1) іс-шаралардың нақты орындалуы туралы (нәтижелерге қол жеткізу сатылары);
2) нәтижелерге қол жеткізбеу себептері туралы;
3) бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.