"Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2014 жылғы 6 мамырдағы № 84 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 маусымда № 9541 тіркелді

      «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 11 тамыздағы № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама:
      мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
      «21. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, бір уақытта электронды түрде жүргізіледі.»;
      мынадай мазмұндағы 34 тараулармен толықтырылсын:
      «3. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды жүргізу тәртібі
      22. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
      1) Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің осы әдіснаманың талаптарына сәйкестiгі;
      2) әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы жазбаларды тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрi - ТҚТ) деректерімен өзектендіру мақсатында салыстырып тексеру және нақтылау;
      3) әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы жазбаларды ұсынылған 2012 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының № 209 бұйрығымен бекітілген, № 7900 нормативтік-құқықтық актілермен мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген «Үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың, ауылшаруашылық техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» (коды 1761103, индексі 7-ж (халық), -кезеңділігі жартыжылдық) (бұдан әрі - 7-ж статистикалық нысан) және «Үй шаруашылықтарында пайдаланатын жердің бары туралы мәліметтер» жалпы (коды 1771104, индексі 7-р (халық), кезеңділігі жылдық (бұдан әрі - 7-р статистикалық нысан) ұсынылған жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарымен нақтылау;
      4) Үй шаруашылықтарына бару кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес толтырылатын ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорындағы (бұдан әрі – АШМБ ДҚ) бар ақпаратты қолданып, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды салыстырып тексеру және нақтылау.
      23. Нақтылауды жүзеге асыру үшiн аумақтық статистика органдарына тиiстi облыс әкiмдiгiнiң басшылығымен келiсiм бойынша жыл сайын осы Әдіснаманың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылау жүргізу кестесі (бұдан әрi - Кесте) бекітіледі.
      Кестеде есепті жылдың 15 қаңтарынан 15 маусымына дейiн және 15 шiлдесінен 15 желтоқсанына дейiн ай сайын жүргізілетін Нақтылауды өткізу орны мен мерзімі көрсетіледі. Кезектi есепті жылға арналған кесте алдыңғы есепті жылдың 25 желтоқсанына дейiн құрастырылады және бекітіледi.
      24. Есепті жыл iшiнде тиiстi облыстардың барлық аудандарын Нақтылаумен қамтылады Есепті жылы Нақтылау жүргізу үшін аралауға жататын кент, ауыл, ауылдық округтердің санын тиісті облыстың аумақтық статистика органының басшысы анықтайды, бірақ облыстың кенттерінің, ауылдарының жалпы санынан 50 пайыздан кем болмауы керек.
      Нақтылауды жүргізу жұмысы екi кезең бойынша жүргiзiледi.
      25. Бірінші кезеңде жұмыс жүргізу тәртібі өзіне әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің Әдiснаманың талаптарына сәйкессiздiктерiн анықтау, әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы жазбаларды ТҚТ деректерімен және 7-м және 7-ө статистикалық нысандарында тапсырылған алғашқы статистикалық деректермен салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының барлық бөлiмдері бойынша оның толтырылуы, сонымен бiрге өшірілген, түзетілген айғақтардың болуы, үй шаруашылығының иесі қолының болмауы, дербес шоттың нөмірі, кәмелетке толған үй шаруашылығы мүшесiнiң ЖСН-і болмауы, жынысының, ұлтының, туған жылының, қайтыс болған күнінің, некеде болуы, келген және кеткен күні туралы, білімі туралы, жұмыспен қамтылу жағдайы туралы деректердің көрсетілмеуі, күнкөрістің қаражат көздері, жер - кадастр кiтабы бойынша нөмірінің, үйдiң сәйкестендіру кодының қойылмауы тұрғысында көзбен шолу жүргізіледі.
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтабының «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары» II бөлімі бойынша жазбалар ТҚТИ деректерімен салыстырылады. Бұл салыстыруды жүргізу үшін аумақтық статистика органдары нақтылаумен қамтылған елдi мекен бойынша тұрғын үйлердің тізбесін алдын ала қалыптастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесінің 3-қосымшасына, Кестеге (осы Әдіснаманың 5-қосымшасына) сәйкес ТҚТ жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйеден тұрғын үйлердің тізбесі қалыптастырылады. Үйдің сәйкестендіру коды бойынша ТҚТ деректерімен салыстырып тексеру кезінде жалпы және тұрғын алаң көлемінің, тұрғын үй түрінің, тұрғын үйдің меншік түрінің, бөлме санының, сыртқы қабырға материалдарының, тұрғын үйжайды абаттандырудың (электр, су құбыры, ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз, ванна, себізгі, ЖЗО-дан жылыту, жеке қондырғыдан жылыту, газ (табиғи, шеттен әкелінген), электроплита, жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтау, пештен жылыту) сәйкестігіне жазбаларды салғастыру жүзеге асырылады.
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының «1 қаңтардағы кенттің, ауылдық округтің шегінде немесе шегінен тыс жалға берілген (алынған) жеке меншіктегі жер» III-бөлiмі бойынша деректер 7-ө статистикалық нысанда ұсынылған деректермен салыстырылады. Салыстырып тексеру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы (ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша алаңы) тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді қосу жүзеге асырылады. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы толтырылған көрсеткiштер бойынша алынған қосынды 7-ө статистикалық нысанда тапсырылған тиiстi көрсеткiштерімен салыстырылады.
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының «Шаруашылықтың жеке меншiгі болып табылатын мал (басы), ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша» IV бөлiмі бойынша, «Ауыл шаруашылығы өнiмдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер» V бөлімі бойынша, «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және мал ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар» VI бөлiмі бойынша деректер 7-м статистикалық нысанының деректерімен салыстырылады;
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (ауылшаруашылық мал түрлері бойынша мал басы) IV бөлiмі бойынша cалыстырып тексеруді жүргізу үшін тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді жинақтау жүзеге асырылады;
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (ауылшаруашылық техникасы және жабдықтары түрлері бойынша, сонымен қатар ауылшаруашылық құрылыстарының түрлері бойынша саны) V және VI бөлiмдеріне сәйкес салыстырып тексеруді жүргізу үшін тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді жинақтау жүзеге асырылады;
      Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы толтырылған көрсеткiштер бойынша алынған қосынды (белгілі елді мекен бойынша тиісті күнге) 7-м статистикалық нысанында тапсырылған тиiстi көрсеткiштермен салыстырылады.
      Орта елді мекендерде (200 үй шаруашылығынан астам) әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының III, IV, V және VI бөлiмдерiнің әрқайсысы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу үшін 2-3 негiзгi көрсеткiш іріктеледі, сол көрсеткіш бойынша жинақтау және 7-ө және 7-м статистикалық нысандарында ұсынылған тиісті көрсеткіштермен одан әрі салыстыру жүзеге асырылады;
      26. Екiншi кезеңдегі жұмыстарды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес өзіне толтырылатын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорындағы (бұдан әрі – АШМБ ДҚ) бар ақпаратты пайдаланып, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды үй шаруашылықтарына іріктеу арқылы бару жолымен салыстырып тексеру жөніндегі жұмыстарды жүргізу қамтылады.
      Аумақтық статистика органының лауазымды тұлғасы қарапайым кездейсоқ iрiктеу әдiсімен іріктеп, баруға жататын үй шаруашылықтарының саны мен тізбесін анықтайды. Іріктеме арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің (SPSS, R) көмегімен жүзеге асырылады. Iрiктеме мөлшері шағын елдi мекенде (200 үй шаруашылығынан аз) 10%-ды құрауы керек, орта елді мекенде (200 үй шаруашылығынан көп, бірақ 1000-нан көп емес) ірiктеме мөлшері 3%-дан 5%-ға дейін, бiрақ 20 үй шаруашылығынан кем емес, ірі елді мекендерде (1000 үй шаруашылығынан астам) ірiктеме мөлшері 1-3% құрайды, бірақ елді мекендегі барлық үй шаруашылықтарының санынан 20 үй шаруашылығынан кем болмауы тиіс.
      Аумақтық статистика органының лауазымды тұлғасы ветеринария саласындағы маманмен бiрлесiп (келісім бойынша) бару үшін іріктеліп алынған үй шаруашылықтарының тізбесі бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының деректерін АШМБ ДҚ көрсеткіштерімен мал түрі және саны бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады. АШМБ ДҚ үй шаруашылығы иесінің немесе мүшесінің тегі, аты-жөні бойынша іздеу жүргізіледі. Бұдан әрі әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының IV-бөлімінде көрсетілген ауыл шаруашылығы малының жасы және жыныстық топтары бойынша саны АШМБ ДҚ-дағы ауыл шаруашылығы малының жасы және жыныстық топтары бойынша жазбалар санымен салыстырылады. Ауыл шаруашылығы малының түрі мен санын нақты үй шаруашылығы бойынша ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының деректерін салыстырып тексеру ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кейін болған ауылшаруашылығы малының қозғалысын (сатып алынуын, төлденуін және қатардан шығуын) есепке ала отырып жүзеге асырылуы қажет. Ауыл шаруашылығы малы қозғалыстарын есепке алу үшін АШМБ ДҚ «Есепке алу күні» және «Есептен шығару себебі» бағаналарындағы ақпарат пайдаланылады.
      Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбаларын салыстырып тексеру және олардың дәйектілігін растау үшiн кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе әкімдігінің, аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен және ветеринар саласындағы маманымен (келісімі бойынша) іріктеп алынған үй шаруашылықтарына бару жүзеге асырылады.
      Іріктеп алынған үй шаруашылықтарына бару кезінде әр шаруашылық бойынша есепке алудың тiркеу жазбаларын салыстыру:
      ауыл шаруашылығы малын нақты қайта есептеу арқылы. Егер нақты қайта есептеуді жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда, салыстырып тексеру ауылшаруашылығы мал басының нақты бары туралы үй шаруашылығының иесі немесе осы шаруашылықтың кәмелетке толған мүшесiнен сұрау арқылы;
      картоп, көкөністер және жеміс-жидек дақылдарына арналған егістік алаңдарын өлшеу арқылы жүргізіледі.
      Ауыл шаруашылығы малдарының саны және түрлері бойынша салыстырып тексеруді жүргізу кезінде ауылшаруашылығы малдарының ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кейінгі болған қозғалысы (сатып алынуы, төлденуі және қатардан шығуы) есепке алынады.
      27. Нақтылауды жүргізу қорытындысы бойынша аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары осы Әдiснаманың 4-қосымшасына сәйкес мiндеттi түрде әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандары бойынша тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы акт (бұдан әрi - Акт) жасайды. Акт екi данада жасалады. Актінiң бiр данасы ауылдық округтің әкiмдiгінде, екiншiсі аумақтық статистика органында қалады.
      28. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзудің Әдіснаманың талаптарына сәйкессiздiгі бөлігіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ АШМБ ДҚ-дағы деректермен сәйкессіздіктері анықталған жағдайда айқындалған бұзушылықтар мен сәйкессiздiктер туралы ақпаратты аудандық статистика органдарының лауазымды тұлғалары қорытынды анықтамада көрсетеді және облыстық статистика департаменттеріне жібереді.
      29. Дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсыну анықталған кезде 7-м және 7-ө статистикалық нысандарын ұсынуға жауапты тұлғаларға қатысты аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
      30. ТҚТ өзектендіру үшін әкімшілік деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз деректерді ұсыну анықталған жағдайда әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын жүргізуге жауапты тұлғаларға қатысты аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
      4. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне жүргізілген мемлекеттiк нақтылаудың қорытындылары бойынша деректерге өзгерістер енгізу және ақпаратты ұсыну тәртібі
      31. Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Нақтылау барысында айқындалған бұзушылықтар туралы ақпаратты алған кезінде, бұзушылықтардың Актіде көрcетiлген мерзiмде жойылуын тиісті орындауды қамтамасыз етеді.
      32. Аудандық статистика басқармалары тиісті облыстың аумақтық статистика органдарына ай сайын келесі айдың 3-ші күніне дейінгі мерзімде осы Әдіснаманың 6-қосымшасына сәйкес Актілер мен жүргізілген нақтылау туралы ақпарат жолдайды.
      33. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған жағдайда, статистика органдары актілерді алған күнінен бастап 5 күнтізбелік ішінде іс материалдарын қарау және әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін аудандардың әкімдіктеріне жолдайды.
      34. Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылған шаралар туралы ақпаратты, атап айтқанда тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар туралы бұйрықтың көшірмесін немесе тәртіптік жауапкершілікке тартуға мүмкіндіктің болмау себептері туралы ақпаратты аудандардың әкімдіктері Нақтылау қорытындылары туралы ақпарат алған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде аумақтық статистика органдарына ұсынуы тиіс.
      35. Нақтылаудың қорытындылары бойынша аумақтық статистика органдары есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде тиісті облыс Әкімінің атына айқындалған бұзушылықтар туралы ақпаратты, тәртіптік жазаға тарту туралы аудандық әкімдіктердің жауаптарын қоса бере отырып тоқсан сайын жолдайды.
      36. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды жүргізу қорытындысы бойынша ауылдық округтердің жауапкершілікке тартылған әкімдері туралы ақпаратты аумақтық статистика органдары есепті тоқсаннан кейінгі 15 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне осы Әдіснаманың 7-қосымшасына сәйкес жолдайды.
      Бұдан басқа, 7-қосымшаға сәйкес аумақтық статистика органы ұсынатын ақпаратқа айқындалған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің сипаты туралы, қабылданған әкімшілік және тәртіптік жазалау шаралары туралы жинақталған мәліметтер ұсынылады.»;
      Осы бұйрықтың 123-қосымшаларына сәйкес 5, 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Тіркелімдер және жарияланымдар департаменті Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын нақтылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің төрағасы           Ә. Смайылов

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      А.С. Мамытбеков _____________
      2014 жылғы 28 мамыр

Қазақстан Республикасы  
Статистика агенттігі төрағасының
2014 жылғы 6 мамырдағы   
№ 84 бұйрығына 1-қосымша 

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын 
жүргізуді ұйымдастыру нысандары 
бойынша статистикалық әдіснамаға
5-қосымша           

Нысан

Келісілді:                                 Бекітемін_________________
______________________облысының әкімі      Аумақтық органның
(немесе оның міндетін атқарушы)            басшысы___________________
_________________________                  __________________________
      ТА.Ә.                                 Т.А.Ә.
20____ж. «___»________________             20____ж. «___»____________

______________________ облысы бойынша 20____ жылға арналған
Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу кестесі

р/с №

Ауданның атауы

Баруға жататын

Жүргізу кезеңі (айы)

Статистика органдарынан қатысатын қызметкерлер саны

ауылдық округтер (атауы)

кенттер, ауылдар (саны)



















Қазақстан Республикасы   
Статистика агенттігі төрағасының
2014 жылғы 6 мамырдағы   
№ 84 бұйрығына 2-қосымша

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды   
жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық
әдіснамаға 6-қосымша      

Нысан

Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу туралы
20__ жылғы______________жағдай бойынша ақпарат
(айы)        

Облыс _________________________________________________________
Аудан _________________________________________________________
Кент, ауыл, ауылдық округ _____________________________________

р/н №

Елді мекеннің (кенттің, ауылдың, ауылдық округтің) атауы

Үй шаруашылықтарының жалпы саны

Бірінші кезеңде анықталған сәйкессіздіктер саны

Екінші кезеңде барған үй шаруашылықтарының саны

Сәйкессіздіктер айқындалған үй шаруашылықтарының саны

Бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар (әр шаруашылық бойынша кітапқа өзгерістер енгізілді, акт жазылды, әкімшілік жаза қолданылды, қорытынды анықтама бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар)

А

Б

1

2

3

4

5























Барлығы






Қазақстан Республикасы   
Статистика агенттігі төрағасының
2014 жылғы 6 мамырдағы № 84 
бұйрығына 3-қосымша    

Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары бойынша    
статистикалық әдіснамаға 7-қосымша 

Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу қорытындылары бойынша әкімдерді
жауапкершілікке тарту туралы 20___ жылғы _____ тоқсан бойынша ақпарат

Облыс____________________________________________________________

р/с №

Облыс ауданының атауы

Ауылдық округтердің саны

Үй шаруашылықтарының саны

Тартылған тұлғалар саны



барлығы

барылғаны

сәйкессіздіктер анықталғаны

барылғаны

сәйкессіздіктер анықталғаны

әкімшілік жауапкершілікке

тәртіптік жауапкершілікке

А

Б

1

2

3

4

5

6

7






































Барлығы








О внесении дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 июня 2010 года № 136 "Об утверждении Статистической методологии по ведению похозяйственного учета и форм организации ведения регистрационных записей"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 6 мая 2014 года № 84. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 июня 2014 года № 9541

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 12 и пунктом 2 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года «О государственной статистике» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 июня 2010 года № 136 «Об утверждении Статистической методологии по ведению похозяйственного учета и форм организации ведения регистрационных записей» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6334, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 28 июля 2010 года, № 196 (26257)) следующие дополнения:
      в Статистической методологии по ведению похозяйственного учета и форм организации ведения регистрационных записей, утвержденной указанным приказом:
      дополнить пунктом 21 следующего содержания:
      «21. Книга похозяйственного учета одновременно ведется в электронном виде с использованием программного обеспечения, разработанного уполномоченным органом в области государственной статистики.»;
      дополнить главами 3, 4 следующего содержания:
      «3. Порядок проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета
      22. Уточнение достоверности данных похозяйственного учета осуществляется должностными лицами территориальных органов статистики по следующим направлениям:
      1) соответствие ведения похозяйственного учета требованиям настоящей Методологии;
      2) уточнение записей в целях актуализации данных в книгах похозяйственного учета с данными статистического регистра жилищного фонда (далее - РЖФ);
      3) уточнение записей в книгах похозяйственного учета с представленными статистическими формами общегосударственных статистических наблюдений «Сведения о наличии скота и птицы, сельскохозяйственной техники и построек в домашних хозяйствах» (код 1761103, индекс – 7-ж (население), – периодичность полугодовая) (далее – статистическая форма 7-ж) и «Сведения о наличии земельных угодий в домашних хозяйствах» (код 1771104 индекс – 7-р (население) – периодичность годовая) (далее - статистическая форма 7-р), утвержденными приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 августа 2012 года № 209, зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7900;
      4) уточнение записей в книгах похозяйственного учета при посещении домашних хозяйств с использованием информации, содержащейся в базе данных по идентификации сельскохозяйственных животных (далее - БД ИСЖ), заполнение которой осуществляется в соответствии с Правилами идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2331.
      23. Для осуществления уточнения территориальным органом статистики по согласованию с руководством акимата соответствующей области ежегодно утверждается График проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета (далее - График) по форме согласно приложению 5 к настоящей Методологии.
      В Графике указываются сроки и место проведения уточнения, который проводится ежемесячно с 15 января по 15 июня и с 15 июля по 15 декабря отчетного года. График на очередной отчетный год составляется и утверждается до 25 декабря года предшествующего отчетному году.
      24. В течение отчетного года уточнением охватываются все районы соответствующей области. Количество поселков, сел, подлежащих посещению для проведения уточнения в отчетном году, определяется руководителем территориального органа статистики соответствующей области, но не менее 50 процентов от общего количества поселков, сел области.
      Работа по проведению уточнения проводится в два этапа.
      25. Порядок проведения работ на первом этапе включает в себя проведение работ по выявлению несоответствий ведения похозяйственного учета требованиям Методологии, уточнении записей в книгах похозяйственного учета с данными РЖФ и первичными статистическими данными, представленными в статистических формах 7–ж и 7–р.
      По всем разделам книги похозяйственного учета осуществляется визуальный просмотр на предмет заполнения, а также на наличие фактов подтирок, исправлений, отсутствие подписи главы домашнего хозяйства, отсутствие номера лицевого счета, ИИН-а совершеннолетнего члена домашнего хозяйства, отсутствие пола, национальности, даты рождения, смерти, состояние в браке, даты прибытия и выбытия, данные о образовании, о положении в занятости, о источниках средств к существованию, номера по земельно-кадастровой книге, идентификационного кода дома.
      По разделу II «Жилищные условия на 1 января» книги похозяйственного учета производится сопоставление записей с данными РЖФ. Для проведения этого сопоставления территориальными органами статистики предварительно формируется перечень жилых домов по населенному пункту, охваченному уточнением. Согласно Графика (приложение 5 к настоящей Методологии), формируется перечень жилых домов из информационной системы по ведению РЖФ, в соответствии с приложением 3 Правил государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан, утвержденным Постановлением Правительства Республики Казахстан № 2336 от 31 декабря 2009 года. При уточнении с данными РЖФ по идентификационному коду дома, осуществляется сопоставление записей на соответствие размера общей и жилой площади, типа жилого дома, вида собственности жилого дома, количества комнат, материалов наружных стен, благоустройство жилого помещения (электричество, водопровод, горячее водоснабжение, канализация, ванна, душ, отопление от ТЭЦ, отопление от индивидуальных установок, газ (природный, привозной), электроплита, горячее водоснабжение от индивидуальных водонагревателей, печное отопление).
      По разделу III «Земля, находящаяся в личной собственности, сданная (взятая) в аренду в пределах и вне пределов поселка, сельского округа на 1 января» книги похозяйственного учета осуществляется уточнение данных с данными, представленными в статистической форме 7-р. Для проведения уточнений осуществляется суммирование заполненных показателей в книгах похозяйственного учета (площадь по видам сельскохозяйственных культур) по определенному населенному пункту на соответствующую дату. Полученные суммы по заполненным показателям в книгах похозяйственного учета уточнениются с соответствующими показателями, представленными в статистической форме 7-р.
      По разделу IV «Скот, являющийся личной собственностью хозяйства (голов), по сотоянию на 1 января и 1 июля текущего года», по разделу V «Сведения о наличии сельскохозяйственной техники и оборудования для переработки продукции сельского хозяйства на 1 января» и по разделу VI «Постройки для хранения сельскохозяйственной продукции и содержания скота, другие постройки на 1 января» книги похозяйственного учета осуществляется уточнение данных с данными по статистической форме 7-ж.
      Для проведения уточнений по разделу IV осуществляется суммирование заполненных показателей книги похозяйственного учета (количество голов по видам сельскохозяйственных животных) по определенному населенному пункту на соответствующую дату.
      Для проведения уточнения по разделам V и VI осуществляется суммирование заполненных показателей книги похозяйственного учета (количество сельскохозяйственной техники и оборудования по видам, а так же по видам сельскохозяйственных построек) по определенному населенному пункту на соответствующую дату.
      Полученные суммы по заполненным показателям (по определенному населенному пункту на соответствующую дату) в книгах похозяйственного учета уточняются с соответствующими показателями, представленными в статистической форме 7-ж.
      В средних населенных пунктах (более 200 домашних хозяйств) для проведения уточнений по каждому из разделов III, IV, V и VI книги похозяйственного учета отбираются по 2-3 основных показателя, по которым осуществляется суммирование и дальнейшее уточнение с соответствующими показателями, представленными в статистических формах 7-р и 7-ж.
      26. Порядок проведения работ на втором этапе включает в себя проведение работ по уточнению записей в книгах похозяйственного учета путем выборочного посещения домашних хозяйств, с использованием информации, содержащейся в БД ИСЖ, заполнение которой осуществляется в соответствии с Правилами идентификации сельскохозяйственных животных, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2331.
      Должностным лицом территориального органа статистики выборочно, методом простой случайной выборки определяется количество и перечень домашних хозяйств, необходимых для посещения. Выборка осуществляется с помощью специальных программных обеспечений (SPSS, R). Размер выборки в мелких населенных пунктах (менее 200 домашних хозяйств) должен составлять 10%, в средних населенных пунктах (более 200 домашних хозяйств, но не более 1000) размер выборки должен составлять от 3 до 5%, но не менее 20 домашних хозяйств, в крупных населенных пунктах (более 1000 домашних хозяйств) размер выборки составляет 1-3 %, но не менее 20 домашних хозяйств от всех домашних хозяйств населенного пункта.
      По перечню выбранных для посещения домашних хозяйств должностным лицом территориального органа статистики совместно с специалистом в области ветеринарии (по согласованию), осуществляется уточнение данных книг похозяйственного учета по видам и количеству животных с показателями БД ИСЖ. Поиск в БД ИСЖ производится по фамилии, имени, отчеству главы или члена домашнего хозяйства. Далее сопоставляется количество сельскохозяйственных животных по половозрастной группе, указанное в разделе IV книги похозяйственного учета с количеством записей по половозрастной группе сельскохозяйственных животных в БД ИСЖ. Уточнение данных книг похозяйственного учета по видам и количеству сельскохозяйственных животных по конкретному домашнему хозяйству по состоянию на 1 января и 1 июля текущего года необходимо осуществлять с учетом движения сельскохозяйственных животных (приобретение, приплод и выбытие), которое произошло после 1 января и 1 июля текущего года. Для учета движения сельскохозяйственных животных используется информация из граф «Дата постановки на учет» и «Причина снятия с учета» БД ИСЖ.
      Для уточнения регистрационных записей похозяйственного учета и подтверждения их достоверности осуществляется посещение выбранных домашних хозяйств с участием Акима или должностных лиц акимата поселка, села, сельского округа, территориальных органов статистики и с специалистом в области ветеринарии (по согласованию).
      При посещении выбранных домашних хозяйств уточнение регистрационных записей похозяйственного учета проводится:
      путем фактического пересчета сельскохозяйственных животных. В случае, если фактический пересчет осуществить невозможно, уточнение проводится путем опроса главы домашнего хозяйства или совершеннолетнего члена этого хозяйства о фактическом наличии количества поголовья сельскохозяйственных животных;
      путем обмера посевных площадей под картофелем, овощами и плодово-ягодными культурами.
      При проведении уточнений по видам и количеству сельскохозяйственных животных учитывается движение сельскохозяйственных животных (приобретение, приплод и выбытие), которое произошло после 1 января и 1 июля текущего года.
      27. По итогам проведенного уточнения, должностными лицами территориальных органов статистики в обязательном порядке составляется Акт несоответствия или соответствия регистрационных записей по формам похозяйственного учета (далее – Акт) согласно приложению 4 к настоящей Методологии. Акт составляется в двух экземплярах. Один экземпляр Акта остается в акимате сельского округа, второй в территориальном органе статистики.
      28. При выявлении нарушений в части несоответствия ведения похозяйственного учета требованиям Методологии, а так же несоответствий с данными в БД ИСЖ, информация о выявленных нарушениях и несоответствиях отражается в итоговой справке должностными лицами районных управлений статистики и направляется в областные департаменты статистики.
      29. При выявлении представления недостоверных первичных статистических данных в отношении лиц, ответственных за представление статистических форм 7-ж и 7-р, должностными лицами территориальных органов статистики составляется Протокол об административном правонарушении в соответствии с Кодексом Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».
      30. При выявлении несвоевременного представления, представления недостоверных административных данных для актуализации РЖФ в отношении лиц, ответственных за ведение книг похозяйственного учета, должностными лицами территориальных органов статистики составляется Протокол об административном правонарушении в соответствии с Кодексом Республики Казахстан «Об административных правонарушениях».
      4. Порядок внесения изменений данных и предоставление информации по итогам проведенного уточнения достоверности данных похозяйственного учета
      31. Аким поселка, села, сельского округа при получении информации о выявленных нарушениях при уточнении, обеспечивает надлежащее выполнение устранения нарушений в срок, указанный в Акте.
      32. Районные управления статистики ежемесячно в срок до 3 числа следующего месяца направляют в территориальные органы статистики соответствующей области Акты и информацию о проведении уточнения достоверности данных похозяйственного учета по форме согласно приложению 6 к настоящей Методологии.
      33. При невозможности привлечения должностных лиц местных исполнительных органов к административной ответственности, органы статистики в течение 5 календарных дней со дня получения актов, направляют материалы дел в акиматы районов для рассмотрения и привлечения должностных лиц, ответственных за ведение похозяйственного учета, к дисциплинарной ответственности.
      34. Информацию о принимаемых мерах в отношении должностных лиц, допустивших нарушение, а именно копию приказа о привлеченных к дисциплинарной ответственности, либо информацию о причинах невозможности привлечения к дисциплинарной ответственности, акиматы районов должны предоставить в территориальные органы статистики, в течение 3 рабочих дней со дня получения информации об итогах уточнения.
      35. По итогам уточнения территориальными органами статистики на имя Акима соответствующей области, ежеквартально в течение 10 рабочих дней после отчетного квартала, направляется информация о выявленных нарушениях, с приложением ответов районных акиматов о наложении дисциплинарных взысканий.
      36. Информация о привлеченных к ответственности акимов сельских округов по результатам проведения уточнения достоверности данных похозяйственного учета представляется территориальным органом статистики в Агентство Республики Казахстан по статистике в течении 15 рабочих дней после отчетного квартала согласно приложению 7 к настоящей Методологии.
      дополнить приложениями 5, 6, 7 согласно приложениям 123 к настоящему приказу.
      2. Департаменту регистров и публикаций совместно с Юридическим департаментом Агентства Республики Казахстан по статистике в установленном законодательством порядке:
      1) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направить на официальное опубликование в средства массовой информации настоящий приказ в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      3) обеспечить обязательную публикацию настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по статистике.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить
на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
      Республики Казахстан
      по статистике                              А. Смаилов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр сельского хозяйства
      Республики Казахстан
      ___________ А.С. Мамытбеков
      28 мая 2014 года

Приложение 1          
к приказу Председателя Агентства
Республики Казахстан по статистике
от 6 мая 2014 года № 84   

Приложение 5           
к Статистической методологии по ведению
похозяйственного учета и форм организации
ведения регистрационных записей  

Форма           

Согласовано:
Аким ______________ области
(либо лицо исполняющий обязанности)
___________________________________
ФИО
«___» _____________ 20_г.

Утверждаю
Руководитель территориального органа
_____________________________________
_____________________________________
ФИО
«___» _____________ 20_ г.

         График проведения уточнения достоверности данных
                       похозяйственного учета
                    по _______________ области
                         на 20 ____ год


п/п

Наименование района

Подлежащие посещению

Период проведения (месяц)

Количество участвующих
сотрудников органов
статистики

сельские округа (наименование)

поселки, села (количество)













Приложение 2          
к приказу Председателя Агентства
Республики Казахстан по статистике
от 6 мая 2014 года № 84   

Приложение 6           
к Статистической методологии по ведению
похозяйственного учета и форм организации
ведения регистрационных записей  

Форма           

       Информация о проведении уточнения достоверности данных
                        похозяйственного учета
                         за _________ 20__года
                              (месяц)

Область____________________________________
Район______________________________________
Поселок, село, сельский округ______________                  

№ п/п

Наименование населенного пункта (поселок, село, сельский округ)

Общее количество домашних хозяйств

Количество выявленных несоответствии на первом этапе

Количество посещенных домашних хозяйств на втором этапе

Количество домашних хозяйств, в которых выявлены несоответствия

Принятые меры по устранению нарушений (внесены изменения в похозяйственную книгу, выписан акт, вынесены административные взыскания, по итоговой справке, привлеченных к дисциплинарной ответственности)

А

Б

1

2

3

4

5
























Итого







Приложение 3          
к приказу Председателя Агентства
Республики Казахстан по статистике
от 6 мая 2014 года № 84   

Приложение 7           
к Статистической методологии по ведению
похозяйственного учета и форм организации
ведения регистрационных записей  

Форма           

      Информация о привлеченных к ответственности акимов по
          результатам проведения уточнения достоверности
                 данных похозяйственного учета
                      за______ квартал 20____года

Область _______________________________________

№ п/п

Наименование района области

Количество сельских округов

Количество домашних хозяйств

Количество лиц привлеченных

всего

посещенных

в которых выявлены несоответствия

посещенных

в которых выявлены несоответствия

к административной ответственности

к дисциплинарной ответственности

А

Б

1

2

3

4

5

6

7






































Итого