«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 2) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 11 тамыздағы № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснама:
мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:
«21. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабы мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, бір уақытта электронды түрде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 3, 4 тараулармен толықтырылсын:
«3. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды жүргізу тәртібі
22. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1) Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің осы әдіснаманың талаптарына сәйкестiгі;
2) әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы жазбаларды тұрғын үй қоры статистикалық тіркелімінің (бұдан әрi - ТҚТ) деректерімен өзектендіру мақсатында салыстырып тексеру және нақтылау;
3) әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы жазбаларды ұсынылған 2012 жылғы 10 тамыздағы Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының № 209 бұйрығымен бекітілген, № 7900 нормативтік-құқықтық актілермен мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген «Үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың, ауылшаруашылық техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» (коды 1761103, индексі 7-ж (халық), -кезеңділігі жартыжылдық) (бұдан әрі - 7-ж статистикалық нысан) және «Үй шаруашылықтарында пайдаланатын жердің бары туралы мәліметтер» жалпы (коды 1771104, индексі 7-р (халық), кезеңділігі жылдық (бұдан әрі - 7-р статистикалық нысан) ұсынылған жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарымен нақтылау;
4) Үй шаруашылықтарына бару кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес толтырылатын ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорындағы (бұдан әрі – АШМБ ДҚ) бар ақпаратты қолданып, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды салыстырып тексеру және нақтылау.
23. Нақтылауды жүзеге асыру үшiн аумақтық статистика органдарына тиiстi облыс әкiмдiгiнiң басшылығымен келiсiм бойынша жыл сайын осы Әдіснаманың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылау жүргізу кестесі (бұдан әрi - Кесте) бекітіледі.
Кестеде есепті жылдың 15 қаңтарынан 15 маусымына дейiн және 15 шiлдесінен 15 желтоқсанына дейiн ай сайын жүргізілетін Нақтылауды өткізу орны мен мерзімі көрсетіледі. Кезектi есепті жылға арналған кесте алдыңғы есепті жылдың 25 желтоқсанына дейiн құрастырылады және бекітіледi.
24. Есепті жыл iшiнде тиiстi облыстардың барлық аудандарын Нақтылаумен қамтылады Есепті жылы Нақтылау жүргізу үшін аралауға жататын кент, ауыл, ауылдық округтердің санын тиісті облыстың аумақтық статистика органының басшысы анықтайды, бірақ облыстың кенттерінің, ауылдарының жалпы санынан 50 пайыздан кем болмауы керек.
Нақтылауды жүргізу жұмысы екi кезең бойынша жүргiзiледi.
25. Бірінші кезеңде жұмыс жүргізу тәртібі өзіне әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізудің Әдiснаманың талаптарына сәйкессiздiктерiн анықтау, әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы жазбаларды ТҚТ деректерімен және 7-м және 7-ө статистикалық нысандарында тапсырылған алғашқы статистикалық деректермен салыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының барлық бөлiмдері бойынша оның толтырылуы, сонымен бiрге өшірілген, түзетілген айғақтардың болуы, үй шаруашылығының иесі қолының болмауы, дербес шоттың нөмірі, кәмелетке толған үй шаруашылығы мүшесiнiң ЖСН-і болмауы, жынысының, ұлтының, туған жылының, қайтыс болған күнінің, некеде болуы, келген және кеткен күні туралы, білімі туралы, жұмыспен қамтылу жағдайы туралы деректердің көрсетілмеуі, күнкөрістің қаражат көздері, жер - кадастр кiтабы бойынша нөмірінің, үйдiң сәйкестендіру кодының қойылмауы тұрғысында көзбен шолу жүргізіледі.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтабының «1 қаңтардағы тұрғын үй жағдайлары» II бөлімі бойынша жазбалар ТҚТИ деректерімен салыстырылады. Бұл салыстыруды жүргізу үшін аумақтық статистика органдары нақтылаумен қамтылған елдi мекен бойынша тұрғын үйлердің тізбесін алдын ала қалыптастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесінің 3-қосымшасына, Кестеге (осы Әдіснаманың 5-қосымшасына) сәйкес ТҚТ жүргізу жөніндегі ақпараттық жүйеден тұрғын үйлердің тізбесі қалыптастырылады. Үйдің сәйкестендіру коды бойынша ТҚТ деректерімен салыстырып тексеру кезінде жалпы және тұрғын алаң көлемінің, тұрғын үй түрінің, тұрғын үйдің меншік түрінің, бөлме санының, сыртқы қабырға материалдарының, тұрғын үйжайды абаттандырудың (электр, су құбыры, ыстық сумен қамтамасыз ету, кәріз, ванна, себізгі, ЖЗО-дан жылыту, жеке қондырғыдан жылыту, газ (табиғи, шеттен әкелінген), электроплита, жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтау, пештен жылыту) сәйкестігіне жазбаларды салғастыру жүзеге асырылады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының «1 қаңтардағы кенттің, ауылдық округтің шегінде немесе шегінен тыс жалға берілген (алынған) жеке меншіктегі жер» III-бөлiмі бойынша деректер 7-ө статистикалық нысанда ұсынылған деректермен салыстырылады. Салыстырып тексеру үшін әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы (ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша алаңы) тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді қосу жүзеге асырылады. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы толтырылған көрсеткiштер бойынша алынған қосынды 7-ө статистикалық нысанда тапсырылған тиiстi көрсеткiштерімен салыстырылады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының «Шаруашылықтың жеке меншiгі болып табылатын мал (басы), ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша» IV бөлiмі бойынша, «Ауыл шаруашылығы өнiмдерін қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарының бары туралы мәліметтер» V бөлімі бойынша, «1 қаңтардағы ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға және мал ұстауға арналған құрылыстар, басқа да құрылыстар» VI бөлiмі бойынша деректер 7-м статистикалық нысанының деректерімен салыстырылады;
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (ауылшаруашылық мал түрлері бойынша мал басы) IV бөлiмі бойынша cалыстырып тексеруді жүргізу үшін тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді жинақтау жүзеге асырылады;
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (ауылшаруашылық техникасы және жабдықтары түрлері бойынша, сонымен қатар ауылшаруашылық құрылыстарының түрлері бойынша саны) V және VI бөлiмдеріне сәйкес салыстырып тексеруді жүргізу үшін тиісті күнге белгілі елді мекен бойынша толтырылған көрсеткіштерді жинақтау жүзеге асырылады;
Әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарындағы толтырылған көрсеткiштер бойынша алынған қосынды (белгілі елді мекен бойынша тиісті күнге) 7-м статистикалық нысанында тапсырылған тиiстi көрсеткiштермен салыстырылады.
Орта елді мекендерде (200 үй шаруашылығынан астам) әр шаруашылық бойынша есепке алу кiтаптарының III, IV, V және VI бөлiмдерiнің әрқайсысы бойынша салыстырып тексеруді жүргізу үшін 2-3 негiзгi көрсеткiш іріктеледі, сол көрсеткіш бойынша жинақтау және 7-ө және 7-м статистикалық нысандарында ұсынылған тиісті көрсеткіштермен одан әрі салыстыру жүзеге асырылады;
26. Екiншi кезеңдегі жұмыстарды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекiтiлген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесіне сәйкес өзіне толтырылатын ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер қорындағы (бұдан әрі – АШМБ ДҚ) бар ақпаратты пайдаланып, әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарындағы жазбаларды үй шаруашылықтарына іріктеу арқылы бару жолымен салыстырып тексеру жөніндегі жұмыстарды жүргізу қамтылады.
Аумақтық статистика органының лауазымды тұлғасы қарапайым кездейсоқ iрiктеу әдiсімен іріктеп, баруға жататын үй шаруашылықтарының саны мен тізбесін анықтайды. Іріктеме арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің (SPSS, R) көмегімен жүзеге асырылады. Iрiктеме мөлшері шағын елдi мекенде (200 үй шаруашылығынан аз) 10%-ды құрауы керек, орта елді мекенде (200 үй шаруашылығынан көп, бірақ 1000-нан көп емес) ірiктеме мөлшері 3%-дан 5%-ға дейін, бiрақ 20 үй шаруашылығынан кем емес, ірі елді мекендерде (1000 үй шаруашылығынан астам) ірiктеме мөлшері 1-3% құрайды, бірақ елді мекендегі барлық үй шаруашылықтарының санынан 20 үй шаруашылығынан кем болмауы тиіс.
Аумақтық статистика органының лауазымды тұлғасы ветеринария саласындағы маманмен бiрлесiп (келісім бойынша) бару үшін іріктеліп алынған үй шаруашылықтарының тізбесі бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының деректерін АШМБ ДҚ көрсеткіштерімен мал түрі және саны бойынша салыстырып тексеруді жүзеге асырады. АШМБ ДҚ үй шаруашылығы иесінің немесе мүшесінің тегі, аты-жөні бойынша іздеу жүргізіледі. Бұдан әрі әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының IV-бөлімінде көрсетілген ауыл шаруашылығы малының жасы және жыныстық топтары бойынша саны АШМБ ДҚ-дағы ауыл шаруашылығы малының жасы және жыныстық топтары бойынша жазбалар санымен салыстырылады. Ауыл шаруашылығы малының түрі мен санын нақты үй шаруашылығы бойынша ағымдағы жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының деректерін салыстырып тексеру ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кейін болған ауылшаруашылығы малының қозғалысын (сатып алынуын, төлденуін және қатардан шығуын) есепке ала отырып жүзеге асырылуы қажет. Ауыл шаруашылығы малы қозғалыстарын есепке алу үшін АШМБ ДҚ «Есепке алу күні» және «Есептен шығару себебі» бағаналарындағы ақпарат пайдаланылады.
Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбаларын салыстырып тексеру және олардың дәйектілігін растау үшiн кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе әкімдігінің, аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуымен және ветеринар саласындағы маманымен (келісімі бойынша) іріктеп алынған үй шаруашылықтарына бару жүзеге асырылады.
Іріктеп алынған үй шаруашылықтарына бару кезінде әр шаруашылық бойынша есепке алудың тiркеу жазбаларын салыстыру:
ауыл шаруашылығы малын нақты қайта есептеу арқылы. Егер нақты қайта есептеуді жүзеге асыру мүмкiн болмаған жағдайда, салыстырып тексеру ауылшаруашылығы мал басының нақты бары туралы үй шаруашылығының иесі немесе осы шаруашылықтың кәмелетке толған мүшесiнен сұрау арқылы;
картоп, көкөністер және жеміс-жидек дақылдарына арналған егістік алаңдарын өлшеу арқылы жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы малдарының саны және түрлері бойынша салыстырып тексеруді жүргізу кезінде ауылшаруашылығы малдарының ағымдағы жылғы 1 қаңтардан және 1 шілдеден кейінгі болған қозғалысы (сатып алынуы, төлденуі және қатардан шығуы) есепке алынады.
27. Нақтылауды жүргізу қорытындысы бойынша аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары осы Әдiснаманың 4-қосымшасына сәйкес мiндеттi түрде әр шаруашылық бойынша есепке алу нысандары бойынша тіркеу жазбаларының сәйкессіздігі немесе сәйкестігі туралы акт (бұдан әрi - Акт) жасайды. Акт екi данада жасалады. Актінiң бiр данасы ауылдық округтің әкiмдiгінде, екiншiсі аумақтық статистика органында қалады.
28. Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргiзудің Әдіснаманың талаптарына сәйкессiздiгі бөлігіндегі бұзушылықтар, сондай-ақ АШМБ ДҚ-дағы деректермен сәйкессіздіктері анықталған жағдайда айқындалған бұзушылықтар мен сәйкессiздiктер туралы ақпаратты аудандық статистика органдарының лауазымды тұлғалары қорытынды анықтамада көрсетеді және облыстық статистика департаменттеріне жібереді.
29. Дәйексіз алғашқы статистикалық деректерді ұсыну анықталған кезде 7-м және 7-ө статистикалық нысандарын ұсынуға жауапты тұлғаларға қатысты аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
30. ТҚТ өзектендіру үшін әкімшілік деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз деректерді ұсыну анықталған жағдайда әр шаруашылық бойынша есепке алу кітаптарын жүргізуге жауапты тұлғаларға қатысты аумақтық статистика органдарының лауазымды тұлғалары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады.
4. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне жүргізілген мемлекеттiк нақтылаудың қорытындылары бойынша деректерге өзгерістер енгізу және ақпаратты ұсыну тәртібі
31. Кент, ауыл, ауылдық округ әкiмi Нақтылау барысында айқындалған бұзушылықтар туралы ақпаратты алған кезінде, бұзушылықтардың Актіде көрcетiлген мерзiмде жойылуын тиісті орындауды қамтамасыз етеді.
32. Аудандық статистика басқармалары тиісті облыстың аумақтық статистика органдарына ай сайын келесі айдың 3-ші күніне дейінгі мерзімде осы Әдіснаманың 6-қосымшасына сәйкес Актілер мен жүргізілген нақтылау туралы ақпарат жолдайды.
33. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын әкімшілік жауапкершілікке тарту мүмкін болмаған жағдайда, статистика органдары актілерді алған күнінен бастап 5 күнтізбелік ішінде іс материалдарын қарау және әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін аудандардың әкімдіктеріне жолдайды.
34. Бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты қолданылған шаралар туралы ақпаратты, атап айтқанда тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар туралы бұйрықтың көшірмесін немесе тәртіптік жауапкершілікке тартуға мүмкіндіктің болмау себептері туралы ақпаратты аудандардың әкімдіктері Нақтылау қорытындылары туралы ақпарат алған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде аумақтық статистика органдарына ұсынуы тиіс.
35. Нақтылаудың қорытындылары бойынша аумақтық статистика органдары есепті тоқсаннан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде тиісті облыс Әкімінің атына айқындалған бұзушылықтар туралы ақпаратты, тәртіптік жазаға тарту туралы аудандық әкімдіктердің жауаптарын қоса бере отырып тоқсан сайын жолдайды.
36. Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне нақтылауды жүргізу қорытындысы бойынша ауылдық округтердің жауапкершілікке тартылған әкімдері туралы ақпаратты аумақтық статистика органдары есепті тоқсаннан кейінгі 15 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне осы Әдіснаманың 7-қосымшасына сәйкес жолдайды.
Бұдан басқа, 7-қосымшаға сәйкес аумақтық статистика органы ұсынатын ақпаратқа айқындалған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктердің сипаты туралы, қабылданған әкімшілік және тәртіптік жазалау шаралары туралы жинақталған мәліметтер ұсынылады.»;
Осы бұйрықтың 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес 5, 6, 7-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Тіркелімдер және жарияланымдар департаменті Заң департаментімен бірге заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жолдасын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын нақтылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы Ә. Смайылов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
А.С. Мамытбеков _____________
2014 жылғы 28 мамыр
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 84 бұйрығына 1-қосымша
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын
жүргізуді ұйымдастыру нысандары
бойынша статистикалық әдіснамаға
5-қосымша
Нысан
Келісілді: Бекітемін_________________
______________________облысының әкімі Аумақтық органның
(немесе оның міндетін атқарушы) басшысы___________________
_________________________ __________________________
ТА.Ә. Т.А.Ә.
20____ж. «___»________________ 20____ж. «___»____________
______________________ облысы бойынша 20____ жылға арналған
Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу кестесі
р/с № |
Ауданның атауы |
Баруға жататын |
Жүргізу кезеңі (айы) |
Статистика органдарынан қатысатын қызметкерлер саны |
|
ауылдық округтер (атауы) |
кенттер, ауылдар (саны) |
||||
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 84 бұйрығына 2-қосымша
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық
әдіснамаға 6-қосымша
Нысан
Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу туралы
20__ жылғы______________жағдай бойынша ақпарат
(айы)
Облыс _________________________________________________________
Аудан _________________________________________________________
Кент, ауыл, ауылдық округ _____________________________________
р/н № |
Елді мекеннің (кенттің, ауылдың, ауылдық округтің) атауы |
Үй шаруашылықтарының жалпы саны |
Бірінші кезеңде анықталған сәйкессіздіктер саны |
Екінші кезеңде барған үй шаруашылықтарының саны |
Сәйкессіздіктер айқындалған үй шаруашылықтарының саны |
Бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар (әр шаруашылық бойынша кітапқа өзгерістер енгізілді, акт жазылды, әкімшілік жаза қолданылды, қорытынды анықтама бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар) |
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Барлығы |
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігі төрағасының
2014 жылғы 6 мамырдағы № 84
бұйрығына 3-қосымша
Әр шаруашылық бойынша есепке алуды
жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді
ұйымдастыру нысандары бойынша
статистикалық әдіснамаға 7-қосымша
Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дәйектілігіне
нақтылау жүргізу қорытындылары бойынша әкімдерді
жауапкершілікке тарту туралы 20___ жылғы _____ тоқсан бойынша ақпарат
Облыс____________________________________________________________
р/с № |
Облыс ауданының атауы |
Ауылдық округтердің саны |
Үй шаруашылықтарының саны |
Тартылған тұлғалар саны |
||||
барлығы |
барылғаны |
сәйкессіздіктер анықталғаны |
барылғаны |
сәйкессіздіктер анықталғаны |
әкімшілік жауапкершілікке |
тәртіптік жауапкершілікке |
||
А |
Б |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Барлығы |