"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10088 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қарашадағы № 820 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.11.2016 алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 820 бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары — Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8074 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) "Егемен Қазақстан" және 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 14-15 (27288-27289) "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 3-тармағына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметі тәртібін айқындайды.";

      4, 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі бекітеді.

      5. Комиссияның құрамына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның өкілдері, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов) заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Инвестициялар және даму


министрі

Ә.Исекешев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика

      министрі

      ____________ Е.Досаев

      2014 жылғы 14 желтоқсан

О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 358 "Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 14 ноября 2014 года № 150. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 января 2015 года № 10088. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 ноября 2016 года № 820.

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28.11.2016 № 820 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра индустрии и новых технологий Республики Казахстан от 3 октября 2012 года № 358 «Об утверждении Положения о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8074, опубликован в газетах «Казахстанская правда» от 16 января 2013 года № 14-15 (27288-27289) и «Егемен Қазақстан» от 16 января 2013 года № 22 (27961) следующие изменения:
      преамбулу изложить в следующей редакции:
      «В соответствии с пунктом 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности» ПРИКАЗЫВАЮ:»;
      в Положении о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, утвержденном указанным приказом:
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Настоящее Положение о комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее - Положение) разработано в соответствии с пунктом 3 статьи 14 Закона Республики Казахстан от 13 января 2012 года «Об энергосбережении и повышении энергоэффективности» и определяет порядок деятельности комиссии по аккредитации в области энергосбережения и повышения энергоэффективности (далее - Комиссия).»;
      пункты 45 изложить в следующей редакции:
      «4. Состав Комиссии утверждается Министром по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      5. В состав Комиссии входят представители уполномоченного органа в области энергосбережения и повышения энергоэффективности, в области технического регулирования, уполномоченного органа по делам архитектуры, градостроительства и строительства и Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан.»;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Организационно-техническое обеспечение работы Комиссии осуществляет Комитет индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан.».
      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Ержанову А.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на Интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на Интранет-портале государственных органов Республики Казахстан;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан Рау А. П.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Министр
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министр
      национальной экономики
      Республики Казахстан
      ________________ Е. Досаев
      14 декабря 2014 года