"Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығының және "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 150 бұйрығының күштері жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 28 қарашадағы № 820 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14586 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың:
      1) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8074 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2013 жылғы 16 қаңтарда № 22 (27961) жарияланған);
      2) "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 150 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10088 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күштері жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Рау
      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 9 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады