Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2018 № 104 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларының 181 тармағын орындау үшін, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Базалық көрсеткіштер тізбесі (бұдан әрі – Базалық тізбе) бекітілсін.
2. Орталық мемлекеттік органдар:
1) Базалық тізбенің негізінде Аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді жүргізсін;
2) есептік болып табылатын және бастапқы деректерді нақтылауды талап ететін Базалық тізбедегі көрсеткіштердің есептеу әдістемесін (ресми статистикалық деректерді қоспағанда) әзірлесін және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 761 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Е. Досаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығымен бекітілген |
Базалық нысаналы индикаторлардың тізбесі
Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 09.12.2015 № 761 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.06.2017 № 260 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрықтарымен.
р/с | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Есептілікті қалыптастыру мерзімі | Ақпарат көзі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Бағыты: экономика | ||||
Өңірлік макроэкономика | ||||
1 | Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі | % |
сәуір (жедел) | ресми статистикалық деректер |
2 | Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм | адамға/мың теңге |
сәуір(жедел) | ресми статистикалық деректер |
3 | Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны | % | ақпан (жылдық) | ҚР Қаржыминінің ведомстволық есептілігі |
Өнеркәсіп * | ||||
4 | Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі | % |
қаңтар(жедел) | ресми статистикалық деректер |
5 | Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі | адам/ мың АҚШ доллары |
сәуір(жедел) | "ИИДМБ көрсеткіштері" статистикалық бюллетені |
6 | Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі | % | ақпан(жылдық) | ҚР ЭМ ведомстволық есептілігі |
Агроөнеркәсіптік кешен* | ||||
7 | Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі** | % |
қаңтар(жедел) | ресми статистикалық деректер |
8 | Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі | % |
қаңтар(жедел) | ресми статистикалық деректер |
9 | Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі** | % | сәуір (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
10 | Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі** | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
11 | Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
Шағын және орта бизнес, сауда | ||||
12 | Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі | % |
қаңтар (жедел) | ресми статистикалық деректер |
13 | Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі | % |
қаңтар (жедел) | ресми статистикалық деректер |
14 | Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту ("Бөлшек сауда" қызметі түрімен) | бірлік | шілде (жылдық) | ресми статистикалық деректер |
Өңіраралық ынтымақтастық | ||||
15 | Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) | мың теңге | маусым (жылдық) | ресми статистикалық деректер |
16 |
Басқа облыстың резиденттері мен резиденттер еместерінен сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны | % | шілде (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
Инновациялар мен инвестициялар | ||||
17 | Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны | % |
қаңтар (жедел) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
18 | Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі | % |
қаңтар (жедел) | ресми статистикалық деректер |
19 | Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) | % |
сәуір (жедел) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
20 | Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі | % |
қантар (жедел) | ресми статистикалық деректер |
21 | Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту | % |
қантар (жедел) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
Бағыты: Әлеуметтік сала | ||||
Білім беру | ||||
22 | Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны | бірлік | қараша (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер |
23 | Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі | % | қараша (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер |
24 | Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы | % | қараша (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер |
25 | Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту | % | қараша (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер |
25.1 | оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен | |||
26 | 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training) | % | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер |
27 | Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі | % | желтоқсан (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер |
28 |
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда | % | желтоқсан (жылдық) | ҚР БҒМ және ЖАО әлеуметтанушылық зерттеу қорытындылары |
29 | Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі | % | желтоқсан (жылдық) | ҚР БҒМ ведомстволық есептілігі |
30 | Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | % | қараша (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
Денсаулық сақтау | ||||
31 | Аналар өлім-жітімін төмендету | 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы жағдайлардың саны | мамыр (жылдық) | ҚР ДСМ ведомстволық есептілігі |
32 | Нәресте өлім-жітімін төмендету | 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
33 | Жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету | 100 мың тұрғынға шаққандағы саны |
мамыр (жедел) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
34 | 15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде | % | ақпан (жылдық) | ҚР ДСМ ведомстволық есептілігі |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау | ||||
35 | Жұмыссыздық деңгейі | % | наурыз (жылдық) | ресми статистикалық деректер |
36 | Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі | % | қаңтар (жылдық) | ҚР Еңбекминінің ведомстволық есептілігі |
37 | Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі | % | қаңтар (жылдық) | ҚР Еңбекминінің ведомстволық есептілігі |
38 | Өндірістік жарақат деңгейі (1000 адамға жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті) | - | қаңтар (жылдық) | ҚР Еңбекминінің ведомстволық есептілігі |
39 | Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша) | % | қаңтар (жылдық) | ҚР Еңбекминінің ведомстволық есептілігі |
40 | Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке қабілетті адамдардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ҚР Еңбекминінің ведомстволық есептілігі |
41 | Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) | % | ақпан (жылдық) | ЖАО мәліметтері бойынша ҚР Еңбекминінің есебі |
42 | Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО мәліметтері бойынша ҚР Еңбекминінің есебі |
Мәдениет | ||||
43 | 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны | адам | ресми статистикалық деректер | |
43.1 | Кітапханаға келушілер | наурыз | ||
43.2 | Театрға келушілер | ақпан | ||
43.3 | Концерттік ұйымдарға келушілер | сәуір | ||
43.4 | Мұражайларға келушілер | наурыз | ||
Дене шынықтыру және спорт | ||||
44 | Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту | % | ақпан (жылдық) | ҚР МСМ ведомстволық есептілігі |
45 |
Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты | % | ақпан (жылдық) | ҚР МСМ ведомстволық есептілігі |
Туризм | ||||
46 | Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) | % | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
47 | Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес) | % | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
48 |
Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған | % | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері |
Үш тілді дамыту | ||||
49 | Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
50 | Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
51 | Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
Бағыты: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп | ||||
52 | Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы | % | қаңтар (жылдық) | ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі |
53 | 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету | бірлік | қаңтар (жылдық) | ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі |
54 | Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы | % | қаңтар (жылдық) | ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі |
55 | Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы | % | қаңтар (жылдық) | ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі |
56 | Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
56-1 | Қызмет бабында пайдалану үшін | |||
Бағыты: Инфрақұрылым | ||||
Байланыс және коммуникация | ||||
57 | 100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы | бірлік |
қаңтар (жедел) | ресми статистикалық деректер |
58 | Интернетті пайдаланушылардың үлесі | % | наурыз (жылдық) | ресми статистикалық деректер |
59 | Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі | % | наурыз (жылдық) | ресми статистикалық деректер |
Құрылыс | ||||
60 | Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі | % |
қаңтар (жедел) | ресми статистикалық деректер |
61 | Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы | мың шаршы метр |
қаңтар (жедел) | ресми статистикалық деректер |
62 | Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО мәліметтері бойынша ҚР Еңбекминінің есебі |
Жолдар мен көлік | ||||
63 | Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі** | % | қаңтар (жылдық) | ҚР ИДМ Автожолдар комитетінің ведомстволық есептілігі |
64 | Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі** | % | қаңтар (жылдық) | ҚР ИДМ Көлік комитетінің ведомстволық есептілігі |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы | ||||
65 | Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету | % | ақпан (жылдық) | ҚР ИДМ ведомстволық есептілігі |
66 | Қалаларда орталықтандырылған: | % | ақпан (жылдық) | ҚР ИДМ ведомстволық есептілігі |
66.1 | сумен жабдықтауға | |||
66.2 | су бұрумен жабдықтауға қолжетімділік | |||
67 | Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған:** | % | ақпан (жылдық) | ҚР ИДМ ведомстволық есептілігі |
67.1 | сумен жабдықтауға | |||
67.2 | су бұруға қолжетімділік | |||
68 | Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: | % | ақпан (жылдық) | ҚР ИДМ ведомстволық есептілігі |
68.1 | жылумен жабдықтау | |||
68.2 | газбен жабдықтау | |||
68.3 | электрмен жабдықтау | |||
Бағыты: Экология және жер ресурстары | ||||
69 | Су шаруашылығының (су шаруашылығының объектілері) және гидромелиоративті жүйелермен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
70 | Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі** | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
71 | Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі** | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
72 | Жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі** | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
73 | Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі | % | мамыр (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
74 | Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
75 | Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
76 | Ластаушы заттардың нормативті көлемі: | млн.тонна | қаңтар (жылдық) | ҚР ЭМ ведомстволық есептілігі |
76.1 | - атмосфераға шығарындылар | |||
76.2 | - су объектілеріне төгінділер | |||
77 | Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы** | мың.га | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
78 | Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында бір орман өртінің орташа ауданы** | мың.га | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі |
79 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту** | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
80 | Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы)** | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
81 | Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс)** | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері |
Бағыты: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерЕскерту. Бөлім алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.06.2017 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен. |
ЕСКЕРТПЕ:
* тиісті орталық мемлекеттік органдар өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен салаларында (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 10% және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 10%) жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесінің жалпы 20%-нан аспайтын мөлшерінде салалар бойынша қосымша нысаналы индикаторларға бастама жасай алады
** Республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоспағанда жергілікті атқарушы органдардың көрсеткіштері
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР БП ҚСАЕАК – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР ДІАҚМ – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ҚР Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚР ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҚР ІІМ – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
ҚР ЭМ– Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
ҚР ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама
АДБ – Аумақтарды дамыту бағдарламасы