Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 19.12.2018 № 104 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын, мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын, аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг жүргізу, бағалау және бақылау, сондай-ақ Елді аумақтық кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру және бақылау қағидаларының 181-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Базалық көрсеткіштер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 166 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10103 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Базалық тізбенің негізінде Аумақтарды дамыту бағдарламаларын келісуді жүргізсін";
Базалық нысаналы индикаторлар тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
Базалық нысаналы индикаторлардың тізбесі
р/с № | Нысаналы индикаторлар | Өлшем бірлігі | Есептілікті қалыптастыру мерзімі | Ақпарат көзі | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
Бағыты: экономика | |||||
Өңірлік макроэкономика | |||||
1 | Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі | % | сәуір (жедел) тамыз (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
2 | Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм | адамға/мың теңге | сәуір(жедел) тамыз (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
3 | Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны | % | ақпан (жылдық) | ҚР Қаржыминінің ведомстволық есептілігі | |
Өнеркәсіп * | |||||
4 | Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі | % | қаңтар(жедел) маусым (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
5 | Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі | адам/ мың АҚШ доллары | сәуір(жедел) тамыз (жылдық) | "ИИДМБ көрсеткіштері" статистикалық бюллетені | |
6 | Өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі энергияның жаңартылған көздерінен өндірілген электр энергиясының үлесі | % | ақпан(жылдық) | ҚР ЭМ ведомстволық есептілігі | |
Агроөнеркәсіптік кешен* | |||||
7 | Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі** | % | қаңтар(жедел) маусым (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
8 | Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі | % | қаңтар(жедел) маусым (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
9 | Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал басының үлесі** | % | сәуір (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
10 | Тұқымды өзгерістерге қатысатын ірі қара мүйізді және ұсақ қара мүйізді мал үлесі** | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
11 | Мерзімі бұзылып берілген субсидиялар үлесінің төмендеуі | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
Шағын және орта бизнес, сауда | |||||
12 | Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі | % | қаңтар (жедел) қараша (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
13 | Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі | % | қаңтар (жедел) шілде (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
14 | Сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда объектілерінің санын ұлғайту ("Бөлшек сауда" қызметі түрімен) | бірлік | шілде (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
Өңіраралық ынтымақтастық | |||||
15 | Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша) | мың теңге | маусым (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
16 | Басқа облыстың резиденттері мен резиденттер еместерінен сатып алынған тауарлардың жалпы қарағанда басқа өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам көтерме кәсіпорындар бойынша) | % | шілде (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
Инновациялар мен инвестициялар | |||||
17 | Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны | % | қаңтар (жедел) маусым (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
18 | Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі | % | қаңтар (жедел) шілде (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
19 | Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда) | % | сәуір (жедел) шілде (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
20 | Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі | % | қантар (жедел) мамыр (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
21 | Жалпы өңірлік өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнімнің үлесін ұлғайту | % | қантар (жедел) мамыр (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
Бағыты: Әлеуметтік сала | |||||
Білім беру | |||||
22 | Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны | бірлік | қараша (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер | |
23 | Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі | % | қараша (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер | |
24 | Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы | % | қараша (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер | |
25 | Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту | % | қараша (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер | |
25.1 | оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен | ||||
26 | 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training) | % | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
27 | Мемлекеттік тапсырыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектері мен оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылғандарының үлесі | % | желтоқсан (жылдық) | ҚР БҒМ әкімшілік деректер | |
28 | Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 14-29 жастағы тұрғындардың қанағаттанушылық деңгейі | % | желтоқсан (жылдық) | ҚР БҒМ және ЖАО әлеуметтанушылық зерттеу қорытындылары | |
29 | Типтік жастағы (14-24 жас) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі | % | желтоқсан (жылдық) | ҚР БҒМ ведомстволық есептілігі | |
30 | Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету | % | қараша (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
Денсаулық сақтау | |||||
31 | Аналар өлім-жітімін төмендету | 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы саны | мамыр (жылдық) | ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі | |
32 | Нәресте өлім-жітімін төмендету | 1000 тірі туылғандарға шаққандағы саны | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
33 | Жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулардан болатын өлім-жітімді төмендету | 100 мың тұрғынға шаққандағы саны | мамыр (жедел) қыркүйек (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
34 | 15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде | % | ақпан (жылдық) | ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі | |
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау | |||||
35 | Жұмыссыздық деңгейі | % | наурыз (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
36 | Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі | % | қаңтар (жылдық) | ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі | |
37 | Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі | % | қаңтар (жылдық) | ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі | |
38 | Өндірістік жарақат деңгейі (1000 адамға жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті) | - | қаңтар (жылдық) | ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі | |
39 | Жергілікті атқарушы органдар берген рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күшінің құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы (шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота бойынша) | % | қаңтар (жылдық) | ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі | |
40 | Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ҚР ДСӘДМ ведомстволық есептілігі | |
41 | Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) | % | ақпан (жылдық) | ЖАО мәліметтері бойынша ҚР ДСӘДМ есептері | |
42 | Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО мәліметтері бойынша ҚР ДСӘДМ есептері | |
Мәдениет | |||||
43 | 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны | адам | ресми статистикалық деректер | ||
43.1 | Кітапханаға келушілер | наурыз | |||
43.2 | Театрға келушілер | ақпан | |||
43.3 | Концерттік ұйымдарға келушілер | сәуір | |||
43.4 | Мұражайларға келушілер | наурыз | |||
Дене шынықтыру және спорт | |||||
44 | Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту | % | ақпан (жылдық) | ҚР МСМ ведомстволық есептілігі | |
45 | Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты 7 пен 18 жас аралығында балалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту | % | ақпан (жылдық) | ҚР МСМ ведомстволық есептілігі | |
Туризм | |||||
46 | Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер) | % | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
47 | Өткен жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген келушілер санының өсуі (резиденттер емес) | % | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
48 | Өткен жылмен салыстырғанда ұсынылған төсек-тәулік санының өсуі | % | сәуір (жылдық) | ресми статистикалық деректер негізінде ЖАО есептері | |
Үш тілді дамыту | |||||
49 | Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
50 | Ағылшын тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
51 | Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек тұрғындардың үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
Бағыты: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп | |||||
52 | Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы | % | қаңтар (жылдық) | ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі | |
53 | 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету | бірлік | қаңтар (жылдық) | ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі | |
54 | Жас өспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы | % | қаңтар (жылдық) | ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі | |
55 | Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы | % | қаңтар (жылдық) | ҚР БП ҚСАЕК ведомстволық есептілігі | |
56 | Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
Бағыты: Инфрақұрылым | |||||
Байланыс және коммуникация | |||||
57 | 100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы | бірлік | қаңтар (жедел) мамыр (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
58 | Интернетті пайдаланушылардың үлесі | % | наурыз (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
59 | Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі | % | наурыз (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
Құрылыс | |||||
60 | Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі | % | қаңтар (жедел) маусым (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
61 | Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы | мың шаршы метр | қаңтар (жедел) шілде (жылдық) | ресми статистикалық деректер | |
62 | Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі | % | ақпан (жылдық) | ЖАО мәліметтері бойынша ҚР ДСӘДМ есептері | |
Жолдар мен көлік | |||||
63 | Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі** | % | қаңтар (жылдық) | ҚР ИДМ Автожолдар комитетінің ведомстволық есептілігі | |
64 | Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендер үлесі** | % | қаңтар (жылдық) | ҚР ИДМ Көлік комитетінің ведомстволық есептілігі | |
Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы | |||||
65 | Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету | % | ақпан (жылдық) | ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК ведомстволық есептілігі | |
66 | Қалаларда орталықтандырылған қолжетімділік: | % | ақпан (жылдық) | ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК ведомстволық есептілігі | |
66.1 | сумен жабдықтау | ||||
66.2 | су бұрумен жабдықтау | ||||
67 | Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік:** | % | ақпан (жылдық) | ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК ведомстволық есептілігі | |
67.1 | сумен жабдықтау | ||||
67.2 | су бұрумен жабдықтау | ||||
68 | Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: | % | ақпан (жылдық) | ҚР ҰЭМ ҚТКШІЖРБК ведомстволық есептілігі | |
68.1 | жылумен жабдықтау | ||||
68.2 | газбен жабдықтау | ||||
68.3 | электрмен жабдықтау | ||||
Бағыты: Экология және жер ресурстары | |||||
69 | Су шаруашылығының (су шаруашылығының объектілері) және гидромелиоративті жүйелермен жабдықтардың негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
70 | Орман шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың нақты көлемі индексі** | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
71 | Ағаш егу шаруашылығы плантациясының негізгі капиталына мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемі индексі** | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
72 | Жануарлар дүниесін қайта өндірудің негізгі капиталына тартылған мемлекеттік емес инвестициялардың нақты көлемінің индексі** | % | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
73 | Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі | % | мамыр (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
74 | Облыстың, республикалық маңызы бар каланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
75 | Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
76 | Ластаушы заттардың нормативті көлемі: | млн.тонна | қаңтар (жылдық) | ҚР ЭМ ведомстволық есептілігі | |
76.1 | - атмосфераға шығарындылар | ||||
76.2 | - су объектілеріне төгінділер | ||||
77 | Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы** | мың.га | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
78 | Жергілікті атқарушы органдардың қарамағында орналасқан мемлекеттік орман қоры ауданында бір орман өртінің орташа ауданы** | мың.га | ақпан (жылдық) | ҚР АШМ ведомстволық есептілігі | |
79 | Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту** | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
80 | Жыртылған жер құрамындағы ауыспалы егіс үлесі (ауыспалы егіс алқабы)** | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
81 | Табиғи жайылымдық жерлердің құрамындағы жайылымдық ауыспалы егістің үлесі (азықтық ауыспалы егіс)** | % | ақпан (жылдық) | ЖАО ведомстволық есептері | |
Бағыты: Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер | |||||
82 | Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру | % | ақпан (жылдық) | ҚР МҚІМ ведомстволық есептілігі |
ЕСКЕРТПЕ:
* тиісті орталық мемлекеттік органдар өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен салаларында (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі 10% және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 10%) жергілікті атқарушы органдар үшін базалық көрсеткіштер тізбесінің жалпы 20%-нан аспайтын мөлшерінде салалар бойынша қосымша нысаналы индикаторларға бастама жасай алады
** Республикалық маңызы бар қаланы және астананы қоспағанда жергілікті атқарушы органдардың көрсеткіштері
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР АШМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ҚР БП ҚСАЕАК – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті
ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ҚР ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
ҚР ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ҚР Қаржымині – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҚР МҚІМ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі
ҚР ҰЭМ ҚТКШІжЖРБК – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті
ҚР ІІМ – Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
ҚР ЭМ – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар
АДБ – Аумақтарды дамыту бағдарламасы
ҚР ИИДМБ – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы