Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 16.03.2021 № 107-900 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 608 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 37 қаулысына, "Астана қаласы мәслихатының 2013 жылғы 27 маусымдағы № 149/18-V "Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласын басқару тәсімі туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 212/30-V шешіміне сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесі "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) біріктіру жолымен қайта құрылсын.
2. Басқарма туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. "Астана қаласының Қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесі тапсыру актісін бекітсін.
4. Басқарма басшысы осы қаулыны, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің сайтында жариялаумен, әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкім | И. Тасмағамбетов |
Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына қосымша |
"Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік
мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының аумағында білім беру ұйымдарының қызметіне басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгіде бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы және штат саны лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Басқарманың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері
14. Басқарманың миссиясы: азаматтардың сапалы білім алуға конституциялық құқығын, білім беру қызметтеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, қоғамның білімге және мемлекеттің білікті мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
15. Міндеттері:
1) өңірлік, демографиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейін білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2) қоғам дамуының өзгеру жағдайларына сәйкес Астана қаласы білім беру жүйесінің тиімді қызмет етуін және оны әлеуметтік-экономикалық қорғауды қамтамасыз ету;
3) білім беру саласындағы мемлекет саясатының қағидаттары негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім беруді дамыту және білім бағдарламаларын игеру үшін жағдай жасау;
4) кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық пен панасыздықтың, құқық бұзушылықтың және қоғамға қарсы іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы іс-әрекетті үйлестіруді қамтамасыз ету;
5) оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын қалыптастыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу;
6) педагог қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын іске асыруға байланысты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
8) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау;
9) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;
10) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерім нормаларын сақтау;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді іске асыру.
16. Функциялары:
1) мемлекеттік басқару органдарының және басқа да ұйымдардың қатысуымен халықтың білім алу қажеттілігінің өзгеруін болжауды ұйымдастыру, Астана қаласының білім беру жүйесін тиімді дамыту стратегиясын, тұжырымдамасын әзірлеу, білім беруді дамытудың өңірлік және мақсатты бағдарламаларын, даму жоспарын жасау мен уәкілетті органға бекітуге ұсыну, өз құзыреттілігі шегінде оларды іске асыру және орындалуын бақылау бойынша шараларды жүзеге асыру;
2) білім беру жүйесінің жай-күйін және жалпы білім беру мен кәсіптік қажеттілігін қанағаттандыру деңгейін талдау, қала халқының барлық әлеуметтік топтарының білім алуға қажеттілігі мен сұранымын қанағаттандыру үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымдарында тиімді білім беру қызметін қамтамасыз ету, ведомстволық бағынысты барлық білім беру ұйымдары үшін қамтудың өңірлік бөлігін әзірлеу;
4) білім беру желісіндегі оқушылар мен тәрбиеленушілер контингентінің өзгеру беталысын болжауды қамтамасыз ету, оқушылардың оқу нысанын, үлгісін, бейінін және тілін таңдау мүддесін және халықтың сұранымын барынша қанағаттандыру үшін қалада жаңа үлгідегі білім беру мекемелерін дамыту жөнінде шаралар кешенін белгілеу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте Астана қаласының білім беру саласында шарттар мен келісімдер жасау;
6) Басқарма құзырындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарға қатысты уәкілетті органның функциясын жүзеге асыру;
7) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту мәселелерін шешуді, мамандар даярлау және жұмысқа орналастыру жөніндегі мемлекеттік білім тапсырысын орындауды қамтамасыз ету;
8) қаланың білім беру мекемелерінің педагогикалық және басшы кадрлармен қамтамасыз етілуін зерделеу және олардың жаңа мамандарды даярлауға қажеттіліктерін болжауды жүзеге асыруды педагогикалық жоғары оқу орындарымен және кадрларды қайта даярлау бойынша өзге де әлеуметтік серіктестермен бірлесіп және қаладағы педагогикалық білім беру жүйесін құру және жетілдіру;
9) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін педагогикалық инженерлік-педагогикалық және басқару кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру;
10) педагог кадрларға жоғары санат беру үшін аттестаттаудан өткізу, педагог кадрларды аттестаттаудан өткізу ережесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
11) білім беру ұйымдарының қаржылық қамтамасыз етілуін талдау, уәкілетті органға білім беру саласын қаржыландыру мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;
12) жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшісі функциясын атқару;
13) материалдық-техникалық базаны игеру және дамыту, білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беретін коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қаржылық қамтамасыз етуді жетілдіру;
14) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
15) мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
16) ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметінің жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді бекітілген мерзімде қарау, келісу және бекіту;
17) ведомстволық бағынысты мекемелер мен кәсіпорындардағы мүліктің сақталуына бақылау жүргізу;
18) коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе меншікті шаруашылық қызметінің нәтижесінде олармен иеленген, коммуналдық мүлікті алып қоюға немесе мүлікті қайта бөлу бойынша өкілетті органға келісім беру;
19) Басқарманың басқа мемлекеттік және жергілікті басқару органдарымен, қоғамдастықпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-әрекет саласын кеңейту;
20) оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқуы, тәрбиесі, өмірі мен денсаулығын қорғауға қатысты қалада жүргізілетін эксперименталдық әдістемелер мен технологиялар үшін ғылыми-әдістемелік және психологиялық-медициналық-педагогикалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, қаланың мектепке дейінгі, жалпы білім беретін, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына көмек көрсету, психологиялық-медициналық-педагогикалық, әлеуметтік, заң, диагностикалық орталықтар құру. Қалада оқыту мен тәрбиелеудің, кадрлар даярлаудың білім беру және кәсіптік жаңа инновациялық технологияларды енгізу үшін мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының базасында эксперименттік алаңдар ұйымдастыру;
21) жаңадан енгізілгендер, жаңа оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын эксперименттік сынақтан өткізу, педагогикалық және басқару жаңартпаларды, оларды енгізуге ұсыну, кешенді сараптаудан өткізу;
22) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жаңа бағдарламалық-әдістемелік қамтуды әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
23) жастардың қажеттіліктерін ескере отырып, оларға техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын ұйымдастыруда халықты әлеуметтік қорғау қызметтеріне көмек көрсету;
24) білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды, жол жүру және медициналық қызмет көрсетуді және мектепке балаларды тасымалдауды ұйымдастыру;
25) қаланың білім және кәсіптік жүйесінің ғимараттармен және орын-жайлармен және де олардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдаймен қамтамасыз етілуін талдау;
26) Астана қаласы әкімінің қарауына мемлекеттік білім беру ұйымдарының қажеттілігін ескере отырып, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді сақтау және дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлеу мен ұсыну;
27) қаланың білім беру ұйымдарының оқулықтармен және оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілуін талдау, білім беру ұйымдарының кітапханалық қорын жаңарту үшін оқулықтар, бағдарламалық-әдістемелік құралдарды мемлекеттік сатып алуды және жеткізуді жүзеге асыру;
28) қаланың барынша ерекшеленген білім беру қызметкерлерін марапаттау туралы құжаттаманы дайындау, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте мемлекеттік наградалармен марапаттауға және құрметті атақтар беруге кандидатураларды ұсыну;
29) елдің басқа өңірлерімен және шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдар және қорлармен тікелей байланысты орнату, білім алушылармен, педагогикалық және ғылыми қызметкерлермен алмасу халықаралық бағдарламаларына қатысу, бірлескен конференциялар, семинарлар, жиналыстар өткізу, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік бағдарламалар әзірлеу;
30) Басқарма қызметінің мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде шетелдің заңды және жеке тұлғаларымен халықаралық іс-тәжірибені зерделеу және ынтымақтастықта болу;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізу, олардың заңды талаптары және негізді өтініштерінің орындалуын қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының қызметіндегі кемшіліктерді жою жөнінде шара қабылдау;
32) балалардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар қамқорлық және қорғаншылық, патронат, бала асырап алу (қыз асырап алу), балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау, олардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету, өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, балалардың өмірін жақсартуға бағытталған мемлекеттік минималдық әлеуметтік стандарттарды сақтау мәселелері бойынша, білім саласында мемлекеттік қызмет көрсету саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын және халықаралық шарттарды іске асыруда бақылау мен мониторингті жүзеге асыру;
33) балалардың мүддесі мен құқықтарын көрсететін балалардың әлеуметтік маңызды бастамалары мен жобаларын ынталандыру және қолдау;
34) балаларға қатысты әлеуметтік жетімдіктің, зорлық-зомбылықтың және қатыгез қараудың, балалар еңбегінің ең нашар түрінің алдын алу бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
35) кәмелетке толмағандар арасында қадағалаусыздық, панасыздық, құқық бұзушылықтың және басқа үдерістердің пайда болуына себеп болатын жағдайларды анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, "қатер" тобына жататын тұрмысы нашар отбасыларымен, балалармен жұмыс жүргізу;
36) Астана қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру;
37) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мекемелермен өзара әрекетті жүзеге асыру, олардың қызметіне тәжірибелік көмек көрсету мақсатында қайырымдылық акцияларын өткізу;
38) білім беру ұйымдарының және мамандандырылған, интернат мекемелерінің қызметін үйлестіру және бақылау;
39) қиын өмір жағдайына тап болған балаларды табу және алғашқы есепке қою, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту және олардың заңды құқығын іске асыру үшін оларға көмек көрсету және жағдай жасауға ықпал ету;
40) Бала құқығы туралы конвенция ережелерін, адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламаларының іске асырылуына мониторингі жасау, балалардың әлеуметтік әл-ауқаты мен рухани талдау және болжау, өңірдегі балалардың өмірін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Бала құқығы және оны іске асыру жолдары туралы жұртшылықты ақпараттандыру деңгейін арттыру салауатты өмір салтын насихаттау, жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру;
41) өңірдегі балалардың жағдайы туралы зерттеу жүргізуді ұйымдастыру, жылсайынғы өңірлік есеп дайындау;
42) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
43) Басқарма мәселелеріне қатысты Астана қаласының әкімі мен әкімдігінің актілер жобаларын әзірлеу;
44) жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін басқа да өкілеттікті жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі үшін жүзеге асыру.
45) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
46) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
47) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
48) білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз етеді;
49) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
50) білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;
51) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекешелік әріптестікті айқындау жөніндегі конкурстарды өткізуді ұйымдастыру және конкурс қорытындысы бойынша шарттар жасасу.
Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 107-1903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.02.2017 № 107-202 қаулыларымен.17. Құқықтар мен міндеттері:
1) жоғары тұрған органдарға белгіленген тәртіппен қаланың білім беруді дамыту мәселелері бойынша жобалар әзірлеуге және енгізуге;
2) білім беру саласына қатысты мемлекеттік органдармен және басқа да ұйымдар әзірлеген жобалар мен бағдарламаларға әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізуге;
3) білім берудің базалық бөлігін, оқу жоспарларын, бағдарламалар мен өзге де оқу-әдістемелік құжаттардың мазмұнын нақтылау, өзгерістер мен толықтырулар (келісім бойынша) енгізуге;
4) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалардан өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
5) Басқарманың құзыретін барлық құзырлы мемлекеттік, әкімшілік органдарында, сондай-ақ сотта және құқық қорғау органдарында ұсынуға;
6) қала аумағында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы қолданыстағы заңнамаларына қайшы келетін жергілікті атқарушы органдардың шешімдерінің, қаланың мекемелері мен қызметтерінің нормативтік және әдістемелік құжаттарының күшін жоюын ұсынуға;
7) қаланың білім беру саласын дамытуды ғылыми және ақпараттық қамтуды әзірлеу және іске асыру үшін шарттық және келісім шарттық негізде ғылыми-зерттеу ұжымдарын, ұйымдарды, орталықтарды, жеке ғалымдар мен басқа да тұлғаларды (келісім бойынша) тартуға;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
9) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру
18. Басқарма басшылығын Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
19. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Басқарма басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарма басшысының өкілеттігі:
1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың бөлімдері басшыларының міндеттерін белгілейді және жауапкершілік деңгейін бекітеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
3) Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;
4) өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері мен Басқарманың ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;
5) Басқарманың бөлімдері туралы ережені бекітеді;
6) Басқармаға ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын тағайындайды және жұмыстан босатады, мадақтайды және тәртіптік жаза қолданады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек тәртібін қолдау жөнінде басқа да ықпал ету шараларын қолданады;
7) Басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша жеке жауапкершілік алады;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;
9) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Басқарманың мүлкі
23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы Ережеге қосымшаға сәйкес Басқарманың қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің тізбесі.
"Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша |
"Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және мекемелердің
тізбесі
1) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 1 "Бәйтерек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
2) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 2 "Батыр" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
3) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 3 "Күншуақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 4 "Аружан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
5) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 5 "Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 6 "Көктем" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
7) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 7 "Аққу" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
8) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 8 "Думан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
9) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 9 "Нұршашу" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
10) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 10 "Бөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
11) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 11 "Гауhар" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
12) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 12 "Қарлығаш" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
13) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 13 "Тұлпар" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
14) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 14 "Ақбөпе" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
15) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 16 "Шағала" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
16) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 17 "Ер Төстік" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
17) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 18 "Аяжан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
18) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 19 "Балбөбек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
19) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 20 "Арайлым" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
20) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 21 "Гүлдер" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
21) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 22 "Әлем" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
22) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 23 "Алтын бесік" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
23) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 24 "Айналайын" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
24) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 25 "Таңшолпан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
25) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 26 "Үміт" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
26) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 27 "Балауса" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
27) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 28 "Жұлдыз" санаторлық балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
28) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 29 "Ақ қайың" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
29) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 30 "Қайнар" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
30) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 31 "Ақ сұңқар" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
31) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 32 "Балдәурен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
32) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 33 "Алтын дән" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
33) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 34 "Ақ бидай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
34) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 35 "Ертегі" балабақша мектепке дейінгі гимназия" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
35) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 36 "Балапан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
36) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 37 "Арман" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
37) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 38 "Шаттық" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
38) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 39 "Меруерт" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
39) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 40 "Құлпынай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
40) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 41 "Балдырған" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
41) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 42 "Бәйшешек" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
42) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 43 "Қызғалдақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
43) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 44 "Үркер" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
44) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 45 "Самұрық" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
45) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 46 "Самал" санаторлық балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
46) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 47 "Ақ желкен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
47) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 48 "Ақ көгершін" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
48) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 49 "Алтынай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
49) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 50 "Жұлдыз" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
50) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 51 "Алтын сандық" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
51) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 52 "Еркетай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
52) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 53 "Мерей" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
53) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 54 "Нұр-Ай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
54) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 55 "Қарақат" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
55) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 56 "Береке" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
56) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 57 "Салтанат" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
57) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 58 "Өркен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
58) Астана қаласы әкімдігінің "№ 59 "Аққанат" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
59) Астана қаласы әкімдігінің "№ 60 "Арай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
60) Астана қаласы әкімдігінің "№ 61 "Шолпан" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
61) Астана қаласы әкімдігінің "№ 62 "Нұрсәуле" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
62) Астана қаласы әкімдігінің "№ 63 "Әсем-Ай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
63) Астана қаласы әкімдігінің "№ 64 "Асыл бөбек" тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
64) Астана қаласы әкімдігінің "№ 65 "Бал бала" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
65) Астана қаласы әкімдігінің "№ 66 "Толағай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
66) Астана қаласы әкімдігінің "№ 67 "Шұғыла" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
67) Астана қаласы әкімдігінің "№ 68 "Балбұлақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын;
68) Астана қаласы әкімдігінің "№ 69 "Еркем-ай" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
69) "Астана қаласы әкімдігінің "№ 70 "Құлыншақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
70) "Астана қаласы әкімдігінің "№ 71 "Мөлдір" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
71) Астана қаласы әкімдігінің "№ 72 "Жанарым" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
72) Астана қаласы әкімдігінің "№ 73 "Аяулым" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
73) Астана қаласы әкімдігінің "№ 74 "Дәурен" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
74) Астана қаласы әкімдігінің "№ 75 "Балалық шақ" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
75) Астана қаласы әкімдігінің "№ 76 "Әдемі" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
76) Астана қаласы Білім басқармасының "Гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
77) Астана қаласы Білім басқармасының "Политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;
78) Астана қаласы Білім басқармасының "Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
79) Астана қаласы Білім басқармасының "Көлік және коммуникация колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
80) Астана қаласы әкімдігінің "Құрылыс техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
81) Астана қаласы әкімдігінің "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
82) Астана қаласы әкімдігінің "Технологиялық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
83) Астана қаласы әкімдігінің "Техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
84) Астана қаласы әкімдігінің "Энергетика және байланыс колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
85) Астана қаласы әкімдігінің "Көпбейінді колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
86) Астана қаласы Білім басқармасының "Махамбет Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
87) Астана қаласы әкімдігінің "Оқушылар сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
88) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 1 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
89) Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
90) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 3 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
91) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 1 өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
92) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 2 өнер мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
93) Астана қаласы Білім басқармасының "Балалар көркемсурет мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
94) Астана қаласы Білім басқармасының "Техникалық шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
95) Астана қаласы Білім басқармасының "Арман" сауықтыру спорт лагері" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
96) Астана қаласы әкімдігінің "Шығыс" балалар мен жасөспірімдер орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
97) Астана қаласы Білім басқармасының "Астана қаласы Білім басқармасының "12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
98) Астана қаласы Білім басқармасының "Астана дарыны" өңірлік ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
99) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 1 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
100) Астана қаласы Білім басқармасының "Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
101) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 3 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
102) Астана қаласы Білім басқармасының "Жамбыл Жабаев атындағы № 4 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
103) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 5 гимназия" мемлекеттік мекемесі;
104) Астана қаласы Білім басқармасының "Юрий Гуров атындағы № 6 гимназия" мемлекеттік мекемесі;
105) Астана қаласы Білім басқармасының "Ғали Орманов атындағы № 7 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
106) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 8 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
107) Астана қаласы әкімдігінің "Дарынды балаларға арналған № 9 "Зерде" мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
108) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 10 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
109) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 12 балабақша-бастауыш мектеп" кешені" мемлекеттік мекемесі;
110) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 13 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
111) Астана қаласы Білім басқармасының № 14 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
112) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 15 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
113) Астана қаласы Білім басқармасының "Төлеген Айбергенов атындағы № 16 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
114) Астана қаласы Білім басқармасының "Ақан Құрманов атындағы № 17 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
115) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 18 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
116) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 19 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
117) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 20 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
118) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 21 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
119) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 22 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
120) Астана қаласы әкімдігінің "№ 23 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
121) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 24 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
122) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 25 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
123) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 26 балабақша – бастауыш мектеп" кешені" мемлекеттік мекемесі;
124) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 27 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
125) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 28 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
126) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 29 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
127) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 30 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
128) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 31 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
129) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 32 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
130) Астана қаласы Білім басқармасының "Нұркен Әбдіров атындағы № 33 балабақша-бастауыш мектеп" кешені" мемлекеттік мекемесі;
131) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 34 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
132) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 35 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
133) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 36 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
134) Астана қаласы Білім басқармасының "Сырбай Мәуленов атындағы № 37 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
135) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 38 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
136) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 39 кешкі (ауысымды) мектеп" мемлекеттік мекемесі;
137) Астана қаласы Білім басқармасының "Әлкей Марғұлан атындағы № 40 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
138) "Астана қаласы Білім басқармасының "№ 41 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
139) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 42 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
140) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 43 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
141) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 44 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
142) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 45 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
143) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 46 балабақша-мектеп-гимназия" кешені" мемлекеттік мекемесі;
144) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 47 балабақша-мектеп-гимназия" кешені" мемлекеттік мекемесі;
145) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 48 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
146) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 49 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
147) Астана қаласы Білім басқармасының "Райымбек батыр атындағы № 50 "Қазғарыш" мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
148) Астана қаласы әкімдігінің "№ 51 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
149) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 52 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
150) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 53 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
151) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 54 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
152) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 55 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
153) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 56 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
154) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 57 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
155) Астана қаласы әкімдігінің "№ 58 мектеп – гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
156) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 59 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
157) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 60 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
158) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 61 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
159) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 62 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
160) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 63 орта мектеп" мемлекеттік мекемесі;
161) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 64 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
162) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 65 мектеп-гимназия" мемлекеттік мекемесі;
163) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 66 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесі;
164) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 67 гимназия" мемлекеттік мекемесі;
165) Астана қаласы әкімдігінің "№ 68 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
166) Астана қаласы әкімдігінің "№ 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
167) Астана қаласы әкімдігінің "№ 70 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
168) Астана қаласы әкімдігінің "№ 71 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
169) Астана қаласы әкімдігінің "№ 72 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
170) Астана қаласы Білім басқармасының "Дарынды ер балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
171) Астана қаласы Білім басқармасының "Дарынды қыз балаларға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
172) Астана қаласы әкімдігінің "Кәсіптік - техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
173) Астана қаласы Білім басқармасының "Арнайы түзету мектеп-интернаты" мемлекеттік мекемесі;
174) Астана қаласы әкімдігінің "Балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
175) Астана қаласы әкімдігінің "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
176) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 1 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесі;
177) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 2 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесі;
178) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы" мемлекеттік мекемесі;
179) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 1 оңалту орталығы" мемлекеттік мекемесі;
180) Астана қаласы Білім басқармасының "№ 2 оңалту орталығы" мемлекеттік мекемесі;
181) Астана қаласы Білім басқармасының "Жас саяхатшылар станциясы" мемлекеттік мекемесі.