"Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына толықтырулар енгізу тауралы

Жаңа

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 107-202 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы, "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы" мемлекеттік мекемесін "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 814 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырдағы № 58 (3115) "Астана ақшамы" және 2014 жылғы 29 мамырдағы № 57 (3133) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 16-тармағы мынадай мазмұндағы 50), 51) тармақшалармен толықтырылсын:

      "50) білім беру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;

      51) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын әзірлеу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жекешелік әріптестікті айқындау жөніндегі конкурстарды өткізуді ұйымдастыру және конкурс қорытындысы бойынша шарттар жасасу.".

      2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады