Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 16 наурыздағы № 107-900 қаулысы. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаментінде 2021 жылғы 18 наурызда № 1311 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 37-бабының 1-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, 50-бабының 2-тармағына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Мыналардың:
       1) «Aстана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін «Aстана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы» Aстана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 814 болып тіркелген, 2014 жылғы 2 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 29 мамырда № 57 (3115) «Aстана ақшамы», № 58 (3133) «Вечерняя Aстана» газеттерінде жарияланған);
       2) «Aстана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесін «Aстана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне біріктіру жолымен қайта құру туралы» Aстана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 107-610 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Aстана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 107-1903 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 973 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 8 желтоқсанда № 138 (3343) «Aстана ақшамы», № 138 (3361) «Вечерняя Aстана» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
       2. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
       1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
       2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
       3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
       4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде әділет органдарына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
       4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім        A. Кульгинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады