Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 30.07.2020 № 01-1495 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орынжайлар шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкім | И. Тасмағамбетов |
Келісілді:
Астана қаласы Қалалық сайлау
комиссиясының төрағасы
________________ М. Әубәкіров
2014 жылғы "___" ________
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 06-1499 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімінің 02.06.2017 № 104-1155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Р/с № | Үгіт-насихат баспа материалын орналастыру орны |
"Алматы" ауданы бойынша | |
1. | Қажымұқан көшесі, № 6, "Орбита" сауда үйінің ауданы |
"Есіл" ауданы бойынша | |
2. | Сулы-жасыл желекжол, Ақмешіт көшесіне дейін жаяу жүргіншілер өтпе жолының ауданы ("Бәйтерек" монументі алаңы) |
"Сарыарқа" ауданы бойынша | |
3. | Кенесары көшесі, № 32, "Астана" концерт залының ауданы |
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 06-1499 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін орынжайлар
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімінің 02.06.2017 № 104-1155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Р/с № | Орынжайдың орналасқан жері |
"Алматы" ауданы бойынша | |
1. | Күйші Дина көшесі, № 6, Астана қаласы әкімдігінің "Райымбек батыр атындағы № 50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы |
"Есіл" ауданы бойынша | |
2. | Т. Рысқұлов көшесі, № 6, Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының акт залы |
"Сарыарқа" ауданы бойынша | |
3. | Сарыарқа даңғылы, № 33, "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамының акт залы |