Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 17.10.2022 № 01-2903 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орын-жайлар шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
3. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 841 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйекте "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған);
2) "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 104-1155 қаулысының (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1107 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 маусымда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. "Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 2), 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі | А. Көлгінов |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдесі № 01-1495 қаулысына 1-қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттеу баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
Р/с | Орналастыру орны |
Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы бойынша | |
1. | Қажымұқан және А. Петров көшелерінің қиылысы ("Орбита" сауда үйі ауданы) |
Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданы бойынша | |
2. | Ш. Уәлиханов көшесі мен Абай даңғылының қиылысы ("Жаннұр" сауда үйінің ауданы) |
Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы бойынша | |
3. | Мәңгілік Ел даңғылы мен Д. Қонаев көшесінің қиылысы |
Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданы бойынша | |
4. | Бейбітшілік көшесі, № 9 үйдің ауданы ("Sine Tempore" сауда үйі ауданы) |
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдесі № 01-1495 қаулысына 2-қосымша |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін орын-жайлар
Р/с | Орын-жайдың орналасқан жері |
Нұр-Сұлтан қаласы "Алматы" ауданы бойынша | |
1. | Қ. Сәтбаев көшесі, № 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, акт залы |
Нұр-Сұлтан қаласы "Байқоңыр" ауданы бойынша | |
2. | А. Бараев көшесі, № 9/2, "Тұран Астана" колледжі, акт залы |
Нұр-Сұлтан қаласы "Есіл" ауданы бойынша | |
3. | Қабанбай батыр даңғылы, № 53, Қазақстандық Триатлон Федерациясы, мәжіліс залы |
Нұр-Сұлтан қаласы "Сарыарқа" ауданы бойынша | |
4. | Бейбітшілік көшесі, № 11, Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты, мәжіліс залы |