Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 қыркүйекте № 841 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 01-1495 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 30.07.2020 № 01-1495 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін орынжайлар шарттық негізде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Әкім

И. Тасмағамбетов

      Келісілді:

      Астана қаласы Қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы

      ________________ М. Әубәкіров

      2014 жылғы "___" ________

      Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 06-1499 қаулысына
1-қосымша

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімінің 02.06.2017 № 104-1155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Үгіт-насихат баспа материалын орналастыру орны

"Алматы" ауданы бойынша

1.

Қажымұқан көшесі, № 6, "Орбита" сауда үйінің ауданы

"Есіл" ауданы бойынша

2.

Сулы-жасыл желекжол, Ақмешіт көшесіне дейін жаяу жүргіншілер өтпе жолының ауданы ("Бәйтерек" монументі алаңы)

"Сарыарқа" ауданы бойынша

3.

Кенесары көшесі, № 32, "Астана" концерт залының ауданы

      Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 06-1499 қаулысына
2-қосымша

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін орынжайлар

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімінің 02.06.2017 № 104-1155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Орынжайдың орналасқан жері

"Алматы" ауданы бойынша

1.

Күйші Дина көшесі, № 6, Астана қаласы әкімдігінің "Райымбек батыр атындағы № 50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

"Есіл" ауданы бойынша

2.

Т. Рысқұлов көшесі, № 6, Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының акт залы

"Сарыарқа" ауданы бойынша

3.

Сарыарқа даңғылы, № 33, "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамының акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады