"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 104-1155 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 маусымда № 1107 болып тіркелді. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 01-1495 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 30.07.2020 № 01-1495 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін орынжайлар беру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 06-1499 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 841 болып тіркелген, 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 102 (3159) "Астана ақшамы", 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 101 (3177) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулыға 1, 2-қосымшалар осы қаулыға 1, 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркегеннен кейін оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жазба және электрондық түрде жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

      КЕЛІСІЛДІ

      Астана қаласы қалалық

      сайлау комиссиясының төрағасы

      __________________И. Жалбыров

      2017 жылғы "__"______________

  Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 104-1155 қаулысына
1-қосымша
  Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 06-1499 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

Р/с

Үгіт-насихат баспа материалын орналастыру орны

"Алматы" ауданы бойынша

1.

Қажымұқан көшесі, № 6, "Орбита" сауда үйінің ауданы

"Есіл" ауданы бойынша

2.

Сулы-жасыл желекжол, Ақмешіт көшесіне дейін жаяу жүргіншілер өтпе жолының ауданы ("Бәйтерек" монументі алаңы)

"Сарыарқа" ауданы бойынша

3.

Кенесары көшесі, № 32, "Астана" концерт залының ауданы

  Астана қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 2 маусымдағы
№ 104-1155 қаулысына
2-қосымша
  Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 06-1499 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін берілетін орынжайлар

Р/с

Орынжайдың орналасқан жері

"Алматы" ауданы бойынша

1.

Күйші Дина көшесі, № 6, Астана қаласы әкімдігінің "Райымбек батыр атындағы № 50 "Қазғарыш" мектеп-лицейі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің акт залы

"Есіл" ауданы бойынша

2.

Т. Рысқұлов көшесі, № 6, Астана қаласы әкімдігінің "№ 2 қалалық емхана" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының акт залы

"Сарыарқа" ауданы бойынша

3.

Сарыарқа даңғылы, № 33, "Астана медицина университеті" акционерлік қоғамының акт залы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады