РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Астрахан аудандық мәслихатының "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 5С-22-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3828 тіркелген, 2013 жылғы 18 қазанда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
9-тармағының 4)-тармақшасының бірінші және екінші абзацтар жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"4) отбасына (азаматтарға) қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін берген өтініштері бойынша, отбасының (азаматтың) кірісіне байланыссыз бір жолғы көмек";
қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей азаматқа (отбасына) табиғи апат және өрттен залал келген жағдайда, расталған акт немесе анықтама негізінде елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде";
9-тармағының 5)-тармақшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"5) ауылдық жерлерде тұратын, табысы аз, көп балалы отбасынан шыққан, колледждерде күндіз оқитын студенттерге жылына бір рет, оқуының жүз пайыз жылдық құнының мөлшерінде, осы оқу орнында оқитындығын растайтын шарттың көшірмесінің негізінде, оқу орнының анықтамасының және көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы немесе өтініш иесінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алатындығын растайтын анықтама негізінде";
9-тармағының 7)-тармақшасының үшінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне аудандық бюджеттің есебінен жүз пайыз мөлшерінде".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрағасы |
А.Мальков |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
В.Собеский |
КЕЛІСІЛДІ
Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсейітов |