Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 5С-22-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 7 қазанда № 3828 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 мамырдағы № 6С-4-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 18.05.2016 № 6С-4-6 (қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрағасы
Н.Сембаев
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
В.Собеский

      КЕЛІСІЛДІ
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

  Астрахан аудандық мәслихатының
2013 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 5С-22-2 шешімімен
бекітілген

Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

      1. Осы Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер - жалпы халықтың тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Астрахан ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі - Ақмола облысының статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы-отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
      6) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган - "Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Астрахан аудандық бөлімшесі;
      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Астрахан ауданының ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;
      3. Осы Қағидалар Астрахан ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таралады.
      4. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне көрсететін көмек түсініледі.
      5. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20 бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16 бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
      6. Әлеуметтік көмек екінші деңгейдегі банктер немесе тиісті банктік операциялар жасауға лицензиялары бар ұйымдар ақшалай түрде, алушының есеп шоттарына аудару арқылы ұсынылады.
      7. Әлеуметтік көмек көрсетілетін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
      1) Жеңіс күні – 9 мамыр;
      2) Қарт адамдар күні – 1 қазан;
      3) Мүгедектер күні – қазанның екінші жексенбісі.

2. Санаттар тізбесі және әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлері

      8. Әлеуметтік көмек алушылардың келесі санаттарына беріледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа тұлғалардың санаттарына;
      ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      табиғи апат немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбастарына);
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен);
      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі отбастарына (азаматтарға);
      ауылдық елді мекендерде тұратын, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың колледждерде ақы төлеу негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге;
      Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу үшін Астрахан ауданы жалпы білім беретін мектептерінің түлектеріне тұлдыр жетімдер, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, бала жасынан мүгедектер, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, балалар үйлерінің түлектері санынан Қазақстан Республикасының тиісті жоғары медициналық оқу орнындағы оқытудың күндізгі нысаны бойынша оқытудың нақты құны мөлшерінде және тиісті қаржы жылына арналған Астрахан ауданы бюджетінде осы мақсатқа көзделген қаражат шектеуінде.
      Уәкілетті орган, жоғары медициналық оқу орыны, алушылар араларында үш жақты жасалған шартқа сәйкес ақшалай төлемдерді рәсімдеуі жүргізледі.
      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар негіз болады:
      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған негіздер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан, азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру немесе әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгіленбейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың бар болуы;
      4) күнкөрісі төмен және көп балалы отбасыларына.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда- Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 16.07.2015 № 5С-44-4 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
       9. Әлеуметтік көмек көрсетіледі:
      1) 9 мамыр - Жеңіс Күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына;
      2) қарт адамдар Күніне;
      ең төмен зейнетақыны алатын және жасы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны алатын зейнеткерлерге;
      3) мүгедектер Күніне:
      18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      4) отбасына (азаматтарға) қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін берген өтініштері бойынша, отбасының (азаматтың) кірісіне байланыссыз бір жолғы көмек:
      қиын тіршілік жағдайы туындағаннан кейін үш айдан кешіктірмей азаматқа (отбасына) табиғи апат және өрттен залал келген жағдайда, расталған акт немесе анықтама негізінде елу айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;
      әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын тұлғаларға (туберкулезбен, онкологиялық аурулармен және адамның иммундық тапшылық вируспен) денсаулық сақтау органдарында тіркеуде тұратыны туралы медициналық мекеменің анықтамасының негізінде, жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      5) ауылдық жерлерде тұратын, табысы аз, көп балалы отбасынан шыққан, колледждерде күндіз оқитын студенттерге жылына бір рет, оқуының жүз пайыз жылдық құнының мөлшерінде, осы оқу орнында оқитындығын растайтын шарттың көшірмесінің негізінде, оқу орнының анықтамасының және көп балалы отбасы мәртебесін растайтын анықтамасы немесе өтініш иесінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алатындығын растайтын анықтама негізінде;
      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғаларға үш жылда бір рет, растайтын құжаттардың негізінде санаторлық-курорттық жолдамасы құнының 50 пайызын өтеуге;
      7) коммуналдық қызмет шығындары үшін өтініш берусіз уәкілетті ұйыммен ұсынылған тізімдерінің негізінде:
      Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттер және олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына коммуналдық қызметтерін төлеуге ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне аудандық бюджеттің есебінен жүз пайыз мөлшерінде:
      сумен, жылумен, электр қуатымен қамтамасыз ету, канализация, қоқыстарды жою үшін қызмет көрсетушілері берген тізілімдеріне сай алушының шоттарына;
      байланыс қызметтері (абоненттік төлемақы), газбен қамтамасыз ету үшін алушылардың жеке шоттарына.
      Әлеуметтік көмек алушының қалауы бойынша қатты отынға жұмсалған шығындар жылу беру мерзімінде Ұлы Отан соғысы қатысушысының немесе мүгедектің нақты тұрып жатқан жері бойынша тұрғын үйдің алып жатқан алаңына сай 1 шаршы метр алаңын жылытуға қажетті көмірдің шығынын есептегенде тұрғын үй ғимараттарының 1-2 қабатты құрылыстары үшін 161 килограмм мөлшерінде алушылардың жеке шотына немесе қатты отынды сатып алғаны жөнінде ұсынылған түбіртектеріне сай өтеледі;
      8) ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен орташа кірісі болған жағдайда, отбасына (азаматқа) он бес айлық көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет:
      қайтыс болғандығы туралы анықтаманың негізінде кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге;
      медициналық мекемеден эпикриз қорытындысының көшірмесі негізінде шұғыл емделуіне байланысты;
      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушысының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 25 қарашада № 7306 тіркелген, бұйрығымен бекітілген тізілімге енгізілмеген дәрі-дәрмектерді сатып алғандары үшін Дәрігерлік-кеңестік комиссиясының қорытындысы бойынша.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 08.07.2014 № 5С-32-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның ұсынымы бойынша Астрахан ауданының әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Үлгілік қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес отбасының құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады;
      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
      Ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
      15. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      16. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      19. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағиданың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкілетті орган шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда-негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      21. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      23. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Астрахан ауданның бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) алушы Астрахан ауданы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады