1. Астрахан аудандық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 5С-22-2 "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3828 тіркелген, 2013 жылғы 18 қазандағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
2) Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі "Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 5С-22-2 "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 5С-32-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4296 тіркелген, 2014 жылғы 2 тамыздағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
3) Астрахан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 16 шілдедегі "Астрахан аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 5С-22-2 "Астрахан ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 5С-44-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4920 тіркелген, 2015 жылғы 21 тамыздағы аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі;
4) Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы "Астрахан аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 5С-27-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4097 тіркелген, 2014 жылғы 14 сәуірдегі аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қол қойған күннен бастап күшіне енеді және ықпал етеді.
Астрахан аудандық мәслихатының сессия төрайымы |
Ж.Дүйсекеева |
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы |
М.Қожахмет |