Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 19.01.2016 № а-1/9 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8 және 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесіне сәйкес, Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының аумағында жылжымалы саудаға арналған орындар анықталсын:
- Бейбітшілік көшесінде «Артем» дүкенінің жанындағы орталық шағын базарда;
- Жеңіс көшесіндегі аудандық Мәдениет үйі мен «СЕЛЬПО» дүкенінің арасы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Ж.Жақановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Егіндікөл ауданының әкімі А.Тайжанов