«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес Егіндікөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Егіндікөл ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2014 жылғы 20 қазандағы № а-10/238 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4449 тіркелген, аудандық «Егіндікөл» газетінде 2014 жылғы 17 қарашада жарияланған);
2014 жылғы 30 шілдедегі № а-7/170 «Егіндікөл ауданы Егіндікөл ауылының аумағында жылжымалы сауданы жүзеге асыруға арналған орындарды анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4332 тіркелген, аудандық «Егіндікөл» газетінде 2014 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А.Тайжанов