Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 29/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 сәуірде № 4066 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 21.06.2016 № 5/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Ақмола облысының облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-3 шешіміне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3815 тіркелген, 2013 жылғы 4 қазанда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
      10 тармақтың 1 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "1) ай сайын шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде – коммуналдық қызмет ақысын және телефон байланысы қызметінің абоненттік ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
С.Төлебаев
      Аудандық мәслихат хатшысы С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ
      Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады