РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Ақмола облысының облыстық және аудандық (қалалық) бюджеттер арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы" Ақмола облыстық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-3 шешіміне сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл аудандық мәслихатының "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3815 тіркелген, 2013 жылғы 4 қазанда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларындағы:
10 тармақтың 1 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1) ай сайын шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде – коммуналдық қызмет ақысын және телефон байланысы қызметінің абоненттік ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
С.Төлебаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Құдабаев |
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі | Қ.Рахметов |