Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 19.02.2019 № 45/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Есіл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші 2-қосымшаға сәйкес жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
К.Мистриди |
Аудандық мәслихат хатшысы | С.Ағымбаева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Есіл ауданының әкімі | А.Қалжанов |
21 маусым 2016 жыл
Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 шешіміне 1-қосымша |
Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының негізінде әзірленді және Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төмен тұтыну себетінің құнына тең,бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;
9) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 18.08.2016 № 7/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 04.10.2018 № 35/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне жергілікті атқарушы органдармен ақшалай нысанда ұсынылатын көмек түсініледі.
4. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.
5. Отбасыларға (азаматтарға) әлеуметтік көмек төлеуді екінші деңгейдегі банктер арқылы дербес шоттарына аудару жолымен уәкілетті орган жүзеге асырады.
6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылдықта 1 рет) көрсетіледі.
7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 9 Мамыр - Жеңіс күні;
2) 1 қазан - Қарт адамдардың күні;
3) қазанның екінші жексенбісі - Мүгедектер күні.
8. Осы Қағидалар Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға таратылады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмек мөлшерлерін белгілеу тәртібі
9. Алушылар санаттарының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған қезде әлеуметтік көмекке жүгіну мерзімдерін жергілікті атқарушы орган белгілейді және жергілікті өкілді органның шешімімен бекітіледі.
Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) жергілікті өкілді орган ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.
Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарған кезде осы Қағидаларды басшылыққа алады.
10. Әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:
1) ай сайын шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде – коммуналдық қызмет ақысын және телефон байланысы қызметінің абоненттік ақысын төлеуге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) жылына бір рет оқу шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде – аулдық жерде тұратын және арнайы орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан аз қамтылған, көп балалы отбасылардағы студенттерге;
3) жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – әлеуметтік-маңызды аурулары бар азаматтарға (онкологиялық аурулары бар тұлғалар, АИТВ жұқтырғандар және туберкулездің әр түрлі формаларымен ауыратындар);
4 жылына бір рет 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – арнайы комиссияның шешімі бойынша, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян шеккен азаматтарға (отбасыларға);
5) жылына бір рет 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар азаматтарға (отбасыларға):- шұғыл емделуге (ота жасауға);
- кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жерлеуге;
6) жылына бір рет 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде – санаторлы-курорттық емделуге Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға;
7) жылына бір рет оқу шығындарын өтеуге 100 пайыз мөлшерінде – жоғары медициналық оқу орындарында оқып жатқан, халықтың (отбасының) аз қамтылған, әлеуметтік-осал топтарындағы студенттерге.
Әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдері өмірлік қиын жағдай туындағаннан кейін үш айдан кеш емес.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.08.2017 № 17/5 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
11. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері облыстың жергілікті атқарушы органымен келісім бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.
12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі
13. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша жергілікті атқарушы орган бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 04.10.2018 № 35/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
Ауылдық жерде тұратын және арнайы орта оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқып жатқан аз қамтылған, көп балалы отбасылардағы студенттерге және жоғары медициналық оқу орындарында оқып жатқан, халықтың (отбасының) аз қамтылған, әлеуметтік-осал топтарындағы студенттерге әлеуметтік көмек өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынғанда беріледі:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
3) оқу орнымен жасалған келесім шарт;
4) оқу орнынан анықтама;
5) көрсетілген санатқа жататындығын анықтайтын анықтама;
6) жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттер үшін аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасындағы келісім шарт.
15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
18. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
19. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
21. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
22. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 18 және 19-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
23. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
24. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін белгілеген шектен артқан жүзеге асырылады.
25. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Есіл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асыралады.
4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер
26. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болған;
2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;
4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 маусымдағы № 5/3 шешіміне 2-қосымша |
Есіл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3815 тіркелген, 2013 жылғы 4 қазанда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған);
2. "Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы № 29/9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4066 тіркелген, 2014 жылғы 7 сәуірде "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған);
3. "Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қыркүйктегі № 45/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5013 тіркелген, 2015 жылғы 2 қарашада "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған);
4. "Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 22/2 "Есіл ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Есіл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 сәуірдегі № 2/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5301 тіркелген, 2016 жылғы 2 мамырда "Жаңа Есіл" аудандық газетінде жарияланған).