Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің 06.12.2017 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Атауында және барлық мәтін бойынша "Тассуат ауылдық округі", "Тассуат ауылдық округінің" сөздері "Тассуат ауылы", "Тассуат ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Тассуат ауылы әкімінің 06.04.2015 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 01-10/364 ұсынысы негізінде, Тассуат ауылы әкімінің міндеті атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жарқайың ауданының Тассуат ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тассуат ауылы әкімінің м.а. |
М.Мұратов |