Тассуат ауылдық округі әкімінің "Жарқайың ауданының Тассуат ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 18 маусымдағы № 1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Тассуат ауылы әкімінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 24 сәуірде № 4764 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің 06.12.2017 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жалғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Тассуат ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Тассуат ауылдық округі әкімінің "Жарқайың ауданының Тассуат ауылдық округінің аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2014 жылғы 18 маусымдағы № 1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 20 маусымдағы № 4230 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 маусымдағы "Целинное знамя" және "Жарқайың тынысы" аудандық газеттерде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      атауында және шешімнің барлық мәтінінде "Тассуат ауылдық округі", "Тассуат ауылдық округінің" сөздері "Тассуат ауылы", "Тассуат ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      М.Мұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады