Жарқайың ауданының Тассуат ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 маусымда № 4230 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың ауданы Тассуат ауылы әкімінің 06.12.2017 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Атауында және барлық мәтін бойынша "Тассуат ауылдық округі", "Тассуат ауылдық округінің" сөздері "Тассуат ауылы", "Тассуат ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Тассуат ауылы әкімінің 06.04.2015 № 2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 01-10/364 ұсынысы негізінде, Тассуат ауылы әкімінің міндеті атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жарқайың ауданының Тассуат ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Тассуат ауылы
әкімінің м.а.
М.Мұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады