Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.12.2015 № 5С-50/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бурабай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері айына бір адамға 185,38 теңге мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
ХХХ сессиясының төрағасы Ж.Бектұров
Аудандық мәслихаттың
хатшысы Ө.Бейсенов
«КЕЛІСІЛДІ»
Бурабай ауданының әкімі Н.Нұркенов