Бурабай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 5 мамырдағы № 5С-30/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 маусымда № 4223 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С-50/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 25.12.2015 № 5С-50/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері айына бір адамға 185,38 теңге мөлшерінде бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
      ХХХ сессиясының төрағасы                   Ж.Бектұров

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ө.Бейсенов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бурабай ауданының әкімі                    Н.Нұркенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады