Бурабай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С-50/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 5233 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2021 жылғы 19 шілдедегі № 7С-10/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 19.07.2021 № 7С-10/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Бурабай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бурабай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері айына бір адамға 185,38 теңге мөлшерінде бекітілсін.
      2. Бурабай аудандық мәслихаттың "Бурабай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" 2014 жылғы 05 мамырдағы № 5С-30/8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4223 тіркелген, 2014 жылдың 12 маусымында аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
L сессиясының төрағасы
Ж.Бектұров
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бурабай ауданының
әкімі
Т.Ташмағамбетов

      25 желтоқсан 2015 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады