Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 26 қыркүйекте № 9759 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.06.2018 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 16-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.06.2018 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (Б.М. Бердалин):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны кейіннен ресми жариялауды;

      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (Б.М. Бердалин) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық жариялануға жатады және қолданысқа 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі.


  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 22 тамыздағы
№ 551 бұйрығымен
бекітілді

Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 15.06.2018 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелеріне жіберу қағидалары 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 88 және 90-баптарының талаптарына сәйкес әзірленген және сотталғандарды ҚАЖ тергеу изоляторларынан ҚАЖ мекемелеріне (бұдан әрі - мекемелер) жазасын өтеу үшін жіберу тәртібін айқындайды.

      2. Сотталғандар аумақтық органға бекітілген мекемелерге (бұдан әрі - ҚАЖ департаменті) ҚАЖ департаментінің жазбаша нұсқауы (бұдан әрі - наряд) негізінде жіберіледі.

      3. Сотталғандар ҚАЖ департаментіне бекітілген тиісті түрдегі мекеме болмаған немесе жазасын өтеу орындарының лимиті асып кеткен кезде қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) наряды негізінде мекемелерге жіберіледі.

2-тарау. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін мекемелерге жіберу тәртібі

      4. Сотталғандар тергеу изоляторының әкімшілігі соттың заңды күшіне енген үкімді орындау туралы өкімін алған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазасын өтеу үшін мекемелерге жіберіледі.

      4-1. Басқа облыстың тұрғыны болып табылатын адамды соттаған жағдайда ҚАЖ комитетімен алдын ала келісіп оны тергеу изоляторы әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдар тұратын облыстағы тиісті мекемеге жібереді.

      Бұл ретте, сотталған адамның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдардың тұрғылықты жері бойынша тіркелу мерзімі, егер ол тіркелген күннен бастап кемінде алты айды құраса ескеріледі.

      Тергеу изоляторы соттың үкімі шыққанан кейін үш жұмыс күні ішінде сотталғаннан әлеуметтік пайдалы байланыстарды қолдайтын адамдарды, олардың тұратын жерлерін көрсетумен еркін нысанда қолхат алады және ҚАЖ комитетіне жолдайды.

      Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 18.03.2020 № 233 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 13.03.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5. Тергеу изоляторының әкімшілігі соттың сотталғандарға қатысты үкімі, қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде олардың отбасыларына сотталғандарды жіберу орындары туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

      6. Күзетпен ұстау - бұлтартпау шарасы қолданылған адамдар олар келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде таныстыру туралы еркін нысандағы қолхатты жеке ісіне тіркей отырып, осы Қағидалармен таныстырылады.

      7. Сотталғандар соттың үкімдерімен, қаулыларымен және үкімдерді орындау туралы соттың өкімдерімен олар тергеу изоляторына түскен күннен бастап бір тәулік мерзімде қол қойдырып таныстырылады.

      8. Соттардың үкімдері, қаулылары немесе үкімдерді орындау туралы сот өкімдері келіп түспеген не оларда қандай да бір түсінбеушілік анықталған кезде, бұл құжаттар, түсіндірме немесе түзетілген құжаттар дереу соттардан сұратылады.

      9. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.05.2023 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар сот үкіміне немесе қаулысына сәйкес мекемелерге жіберіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 31.05.2023 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10-1. Төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерде шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу тағайындалған бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдар тартылады.

      Шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемелерге жіберу олардың бастықтарымен келісу бойынша жүзеге асырылады.

      Сотталған адамды төтенше немесе толық қауіпсіз мекемеге жіберу туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.05.2023 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сотталғандарды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден түрі бұрын сот үкімімен айқындалған мекемеге ауыстыру немесе олар сот үкімі бойынша жіберілген, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан, жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынымды сот қанағаттандырғаннан кейін сотталғандар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тиісті түрдегі мекемелерге одан әрі жіберу үшін тергеу изоляторларына жіберіледі.

      Сотталғандар тергеу изоляторына келгеннен кейін еркін нысандағы қол хатты жеке ісіне тіге отырып, осы Қағидалармен үш жұмыс күні ішінде таныстырылады.

      12. Сотталғандар толық қауіпсіз мекемеде жаза мерзімін өтегеннен кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тиісті түрдегі мекемелерге одан әрі жіберу үшін олар келген тергеу изоляторларына жіберіледі.

      13. Сотталғандар – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар сотталғандығының санына қарамастан жекелеген мекемелерде ұсталады.

      Тергеу изоляторларының әкімшіліктері осы адамдарға қатысты олар тергеу изоляторына келіп түскен күннен бастап бұрын сотта, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарында жұмыс істеу немесе сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру фактісін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Сотталғандарды этаппен жөнелту белгіленген мерзімінде бұрын сотта, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарында жұмыс істегені немесе сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырғаны құжатпен расталмаған жағдайда, олар мемлекеттік органдарға жолданған сұрау хаттарды олардың жеке істеріне тіге отырып, тиісті мекемелерге жібереді.

      13-1. Сотталған әйелдерді – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлерін, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдарды жеке ұстау мүмкін болмаған жағдайда олар сотталған әйелдерді ұстауға арналған мекемелерге жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.05.2023 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-2. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің (бұдан әрі - ҚК) 46-бабы 5-бөлігінің 1) тармағында көрсетілген адамдарды ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтемеген адамдар: абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар; ҚК-ның 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ҚК-ның 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталғандар; қасақана қылмыс жасағаны үшiн екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған алғаш рет сотталған адамдар жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.05.2023 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13-3. ҚАК-ның 96-бабында көзделген тәртiппен орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерден ауыстырылған, оң мiнезделетін сотталғандарды ұстауға арналған қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерге сондай-ақ, бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруды өтеген адамдар: абайсызда жасаған қылмыстары үшiн сотталғандар; ҚК-ның 7, 8, 9, 12 және 13-тарауларында көзделген күш қолданумен байланысты емес қылмыстар үшін сотталғандар; қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген жағдайда ҚК-ның 15-тарауында көзделген қылмыстар үшін сотталған адамдар жіберіледі.

      Ескерту. Қағида 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 31.05.2023 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына және жазаны өтейтін бір орыннан екiншiсiне айдауылмен ауыстырылады.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстар жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеу орнына ерекше айдауылмен жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. ҚАЖ департаменттері өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның тиісті өңірлік қолбасшылықтарына ерекше айдауылға өтінім жолдайды.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 23.05.2022 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Сотталғандарды жазасын өтеу орындарына жолдау кезінде олардың жеке істері ашылмайды. Жеке істерді медициналық көрсеткіштер бойынша мекеме қызметкерінің дәлелді баянатының негізінде ашуға жол беріледі.

      17. Басқа облыста тіркелген сотталған адамды оның әлеуметтік пайдалы байланыстарын қолдайтын адамдар тұратын облыстағы (қаладағы) мекемеге жібергенде, оның жеке ісіне оны мекеме орналасқан облыстың тұрғынына жатқызу бөлігінде түзетулер енгізіледі.

      Ескерту. Қағида 17-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 13.03.2024 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Об утверждении Правил направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 22 августа 2014 года № 551. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 сентября 2014 года № 9759.

      Сноска. В заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 15.06.2018 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 16 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания.

      Сноска. В пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 15.06.2018 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Бердалин Б.М.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в установленном порядке официальное опубликование настоящего приказа в информационно-правовой системе "Әділет" и официальных средствах массовой информации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан полковника полиции Бисенкулова Б.Б. и Комитет уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Бердалин Б.М.).

      4. Настоящий приказ подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 января 2015 года.

      Министр
      генерал-лейтенант полиции

  Утверждены
  приказом Министра
  внутренних дел
  Республики Казахстан
  от 22 августа 2014 года № 551

Правила направления осужденных в учреждения уголовно-исполнительной системы для отбывания наказания

      Сноска. Правила в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 15.06.2018 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила направления осужденных в учреждения уголовно- исполнительной системы (далее - УИС) для отбывания наказания разработаны в соответствии с требованиями статей 88 и 90 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года (далее - УИК) и определяют порядок направления осужденных из следственных изоляторов для отбывания наказания в учреждения УИС (далее - учреждения).

      2. Осужденные направляются в учреждения, закрепленные за территориальным органом (далее - Департамент УИС) на основании письменного указания Департамента УИС (далее - наряд).

      3. При отсутствии учреждения соответствующего вида закрепленного за Департаментом УИС или превышения лимита мест отбывания наказания осужденные направляются в учреждения на основании наряда уполномоченного органа уголовно-исполнительной системы (далее - Комитет УИС).

Глава 2. Порядок направления осужденных для отбывания наказания в учреждения

      4. Осужденные направляются для отбывания наказания в учреждения не позднее десяти календарных дней со дня получения администрацией следственного изолятора распоряжения суда об исполнении приговора, вступившего в законную силу.

      4-1. В случае осуждения лица, являющегося жителем другой области, по предварительному согласованию с Комитетом УИС оно направляется следственным изолятором в соответствующее учреждение той области, где проживают лица, с кем оно поддерживает социально полезные связи.

      При этом, срок регистрации по месту жительства лиц, с кем осужденный поддерживает социально полезные связи, учитывается, если он составляет не менее шести месяцев со дня регистрации.

      Следственный изолятор в течение трех рабочих дней после вынесения приговора суда отбирает у осужденного расписку произвольной формы с указанием в них лиц, с кем он поддерживает социально полезные связи, места их проживания и направляет в Комитет УИС.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 4-1 в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 18.03.2020 № 233 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 13.03.2024 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Администрация следственного изолятора в течение двух рабочих дней после вступления в законную силу приговоров, постановлений судов в отношении осужденных, направляет их семьям письменные уведомления о месте направления осужденных.

      6. Лица, в отношении которых применена мера пресечения - содержание под стражей в течение трех рабочих дней после их прибытия ознакамливаются с настоящими Правилами с приобщением в личные дела расписки в произвольной форме об ознакомлении.

      7. Осужденные под роспись ознакамливаются с приговорами, постановлениями судов и распоряжениями судов об исполнении приговоров в суточный срок со дня их поступления в следственный изолятор.

      8. При не поступлении приговоров, постановлений или распоряжений судов об исполнении приговоров либо обнаружении в них каких-либо неясностей, эти документы, пояснения либо исправленные документы незамедлительно запрашиваются из судов.

      9. Исключен приказом Министра внутренних дел РК от 31.05.2023 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Осужденные к лишению свободы направляются в учреждения в соответствии с приговором или постановлением суда.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 31.05.2023 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10-1. Для выполнения работ по хозяйственному обслуживанию в учреждениях чрезвычайной или полной безопасности привлекаются впервые осужденные к лишению свободы, которым отбывание наказания назначено в учреждении средней безопасности.

      Направление осужденного в учреждение чрезвычайной или полной безопасности для выполнения работ по хозяйственному обслуживанию осуществляется по согласованию с их начальниками.

      Копия постановления о направлении осужденного в учреждение чрезвычайной или полной безопасности не позднее следующего рабочего дня направляется прокурору.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 10-1 в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 31.05.2023 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. После удовлетворения судом представления о переводе осужденных из учреждения минимальной безопасности в учреждение, вид которого был ранее определен приговором суда или в которое они были направлены по приговору суда, об отмене условно-досрочного освобождения, о замене неотбытого срока наказания на лишение свободы, осужденные направляются в следственные изоляторы для дальнейшего направления в учреждения соответствующего вида в порядке, определяемом настоящими Правилами.

      После прибытия в следственный изолятор осужденные в течение трех рабочих дней ознакамливаются с настоящими Правилами с приобщением в личные дела расписки об ознакомлении в произвольной форме.

      12. Осужденные после отбытия срока наказания в учреждении полной безопасности направляются в следственные изоляторы, из которого они прибыли для дальнейшего направления в учреждения соответствующего вида в порядке, определяемом настоящими Правилами.

      13. Осужденные - бывшие работники судов, правоохранительных и специальных государственных органов, лица, уполномоченные на осуществление контроля и надзора за поведением осужденных содержатся в отдельных учреждениях, не зависимо от количества судимостей.

      Администрация следственного изолятора в отношении данных лиц, со дня их поступления в следственный изолятор проводит мероприятия по установлению факта работы в прошлом в суде, правоохранительных, специальных государственных органах или осуществление контроля и надзора за поведением осужденных.

      В случае отсутствия к установленному сроку этапирования осужденных документального подтверждения работы в прошлом в суде, правоохранительных, специальных государственных органах или осуществление контроля и надзора за поведением осужденных, то их также направляют в соответствующие учреждения с приложением в их личные дела запросов направленных в государственные органы.

      13-1. В случае невозможности отдельного содержания осужденных женщин – бывших работников судов, правоохранительных и специальных государственных органов, лиц, уполномоченных на осуществление контроля и надзора за поведением осужденных, они направляются в учреждения для содержания осужденных женщин.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 13-1 в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 31.05.2023 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13-2. В учреждения минимальной безопасности, предназначенные для содержания лиц, указанных в пункте 1 части 5 статьи 46 Уголовного кодекса Республики Казахстан (далее - УК) направляются лица, ранее не отбывавшие лишение свободы за совершение умышленных преступлений: осужденные за преступления, совершенные по неосторожности; осужденные за преступления, не связанные с применением насилия, предусмотренные главами 7, 8, 9, 12 и 13 УК; осужденные за преступления, предусмотренные главой 15 УК, в случае полного возмещения ими ущерба, причиненного преступлением; впервые осужденные за совершение умышленного преступления, за которое назначено наказание к лишению свободы на срок до двух лет.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 13-2 в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 31.05.2023 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13-3. В учреждения минимальной безопасности, предназначенные для содержания положительно характеризующихся осужденных, переведенных из учреждений средней и максимальной безопасности в порядке, предусмотренном статьей 96 УИК, также направляются лица, ранее отбывавшие лишение свободы за совершение умышленных преступлений: осужденные за преступления, совершенные по неосторожности; осужденные за преступления, не связанные с применением насилия, предусмотренные главами 7, 8, 9, 12 и 13 УК; осужденные за преступления, предусмотренные главой 15 УК, в случае полного возмещения ими ущерба, причиненного преступлением.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 13-3 в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 31.05.2023 № 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Осужденные к лишению свободы направляются к месту отбывания наказания и перемещаются из одного места наказания в другое под конвоем.

      Осужденные за преступления, по которым Уголовным кодексом Республики Казахстан установлено пожизненное лишение свободы направляются к месту отбывания наказания особым конвоем.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 23.05.2022 № 370 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Департаменты УИС после вступления в законную силу приговора суда в отношении осужденных к пожизненному лишению свободы направляют заявки на особый конвой в соответствующие Региональные командования Национальной гвардии Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 15 - в редакции приказа Министра внутренних дел РК от 23.05.2022 № 370 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. При направлении осужденных к месту отбывания наказания их личные дела не вскрываются. Вскрытие личных дел допускается только по медицинским показаниям на основании мотивированного рапорта сотрудника учреждения.

      17. При направлении осужденного, зарегистрированного в другой области, в учреждение области (города), где проживают лица, с кем он поддерживает социально полезные связи, в его личное дело вносятся корректировки в части отнесения его к жителю той области, где расположено учреждение.

      Сноска. Правила дополнены пунктом 17 в соответствии с приказом Министра внутренних дел РК от 13.03.2024 № 229 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).