"Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 440 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 шілдеде № 17159 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9759 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 30 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы";

      1 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қоса беріліп отырған Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (А.Х. Базылбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі елтаңбалық мөрмен расталған көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне (А.Х. Базылбеков) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция
генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2018 жылғы 15 маусымдағы
№ 440 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 22тамыздағы
№ 551 бұйрығымен
бекітілген

Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің (бұдан әрі - ҚАЖ) мекемелеріне жіберу қағидалары 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (бұдан әрі - ҚАК) 88 және 90-баптарының талаптарына сәйкес әзірленген және сотталғандарды ҚАЖ тергеу изоляторларынан ҚАЖ мекемелеріне (бұдан әрі - мекемелер) жазасын өтеу үшін жіберу тәртібін айқындайды.

      2. Сотталғандар аумақтық органға бекітілген мекемелерге (бұдан әрі - ҚАЖ департаменті) ҚАЖ департаментінің жазбаша нұсқауы (бұдан әрі - наряд) негізінде жіберіледі.

      3. Сотталғандар ҚАЖ департаментіне бекітілген тиісті түрдегі мекеме болмаған немесе жазасын өтеу орындарының лимиті асып кеткен кезде қылмыстық-атқару жүйесі уәкілетті органының (бұдан әрі - ҚАЖ комитеті) наряды негізінде мекемелерге жіберіледі.

2-тарау. Сотталғандарды жазасын өтеу үшін мекемелерге жіберу тәртібі

      4. Сотталғандар тергеу изоляторының әкімшілігі соттың заңды күшіне енген үкімді орындау туралы өкімін алған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазасын өтеу үшін мекемелерге жіберіледі.

      5. Тергеу изоляторының әкімшілігі соттың сотталғандарға қатысты үкімі, қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде олардың отбасыларына сотталғандарды жіберу орындары туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

      6. Күзетпен ұстау - бұлтартпау шарасы қолданылған адамдар олар келіп түскеннен кейін үш жұмыс күні ішінде таныстыру туралы еркін нысандағы қолхатты жеке ісіне тіркей отырып, осы Қағидалармен таныстырылады.

      7. Сотталғандар соттың үкімдерімен, қаулыларымен және үкімдерді орындау туралы соттың өкімдерімен олар тергеу изоляторына түскен күннен бастап бір тәулік мерзімде қол қойдырып таныстырылады.

      8. Соттардың үкімдері, қаулылары немесе үкімдерді орындау туралы сот өкімдері келіп түспеген не оларда қандай да бір түсінбеушілік анықталған кезде, бұл құжаттар, түсіндірме немесе түзетілген құжаттар дереу соттардан сұратылады.

      9. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан аса мерзімге сотталған адамдар, толық қауіпсіз мекемеде жазасын өтей отырып, қылмыстың қауіпті қайталануы, сондай-ақ өлім жазасы туралы үкімі мораторий енгізілгенге дейін күшіне енген немесе өлім жазасын орындауға мораторийдің қолданысы кезінде адамдар толық қауіпсіз мекемелерге жіберіледі.

      10. Сотталғандарды қылмыстың қауіпті қайталануы, өмір бойына бас бостандығынан айыру, өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылған жазаларын толық қауіпсіз мекемеде өтеуге сотталғандар, сотталған әйелдер, кәмелетке толмаған сотталғандар тиісті мекемелердің орналасқан жері бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.

      11. Сотталғандарды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеден түрі бұрын сот үкімімен айқындалған мекемеге ауыстыру немесе олар сот үкімі бойынша жіберілген, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан, жазаның өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы ұсынымды сот қанағаттандырғаннан кейін сотталғандар осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тиісті түрдегі мекемелерге одан әрі жіберу үшін тергеу изоляторларына жіберіледі.

      Сотталғандар тергеу изоляторына келгеннен кейін еркін нысандағы қол хатты жеке ісіне тіге отырып, осы Қағидалармен үш жұмыс күні ішінде таныстырылады.

      12. Сотталғандар толық қауіпсіз мекемеде жаза мерзімін өтегеннен кейін осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте тиісті түрдегі мекемелерге одан әрі жіберу үшін олар келген тергеу изоляторларына жіберіледі.

      13. Сотталғандар – соттардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға уәкілетті адамдар сотталғандығының санына қарамастан жекелеген мекемелерде ұсталады.

      Тергеу изоляторларының әкімшіліктері осы адамдарға қатысты олар тергеу изоляторына келіп түскен күннен бастап бұрын сотта, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарында жұмыс істеу немесе сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру фактісін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

      Сотталғандарды этаппен жөнелту белгіленген мерзімінде бұрын сотта, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарында жұмыс істегені немесе сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауды жүзеге асырғаны құжатпен расталмаған жағдайда, олар мемлекеттік органдарға жолданған сұрау хаттарды олардың жеке істеріне тіге отырып, тиісті мекемелерге жібереді.

      14. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына және жазаны өтейтін бір орыннан екiншiсiне айдауылмен ауыстырылады.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстар жасағаны үшін айрықша жазалау шарасы - өлім жазасы не өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеу орнына ерекше айдауылмен жіберіледі.

      15. ҚАЖ департаменттері өлім жазасы не өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты сот үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның тиісті өңірлік қолбасшылықтарына ерекше айдауылға өтінім жолдайды.

      16. Сотталғандарды жазасын өтеу орындарына жолдау кезінде олардың жеке істері ашылмайды. Жеке істерді медициналық көрсеткіштер бойынша мекеме қызметкерінің дәлелді баянатының негізінде ашуға жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады