Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2022 жылғы 23 мамырдағы № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 25 мамырда № 28198 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 22 тамыздағы № 551 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9759 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне жіберу қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан аса мерзімге сотталған адамдар, толық қауіпсіз мекемеде жазасын өтей отырып, қылмыстың қауіпті қайталануы, сондай-ақ өлім жазасы түріндегі жазасы кешірім жасау тәртібімен немесе өлім жазасын жоятын заңның қолданылуына байланысты бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар толық қауіпсіз мекемелерге жіберіледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Сотталғандарды қылмыстың қауіпті қайталануы, өмір бойына бас бостандығынан айыру, жазаларын толық қауіпсіз мекемеде өтеуге сотталғандар, сотталған әйелдер, кәмелетке толмаған сотталғандар тиісті мекемелердің орналасқан жері бойынша жазасын өтеу үшін жіберіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеу орнына және жазаны өтейтін бір орыннан екiншiсiне айдауылмен ауыстырылады.

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстар жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазаны өтеу орнына ерекше айдауылмен жіберіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ҚАЖ департаменттері өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарға қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның тиісті өңірлік қолбасшылықтарына ерекше айдауылға өтінім жолдайды.";

      2) "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 13 ақпандағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14918 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдардың есебін жүргізу қағидаларында:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Сотталғанның жеке ісінен атқару парағы - бухгалтерияға, медициналық карта - мекемеде орналасқан медициналық ұйымға тапсырылады. Атқару парақтары мен медициналық карта жеке істегі тізімге қол қою арқылы беріледі.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Егер қайтыс болған адамның денесі заңды өкілдерімен сұратылмаса, онда оны жерлеу жергілікті зиратта жүргізіледі. Жерлеу мерзімін әрбір нақты жағдайда мекеменің бастығы белгілейді.";

      аталған Қағидаларға 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағы 2) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 370 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінде ұсталатын
адамдардың есебін жүргізу
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

(бірінші мұқабаның сыртқы жағы) Сотталғанның жеке ісі

      Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _________

      Басталды 20__жылғы "___"_________

      Аяқталды 20 __жылғы "___"__________

      № __________ мұрағат

      Жеке істің мұқабасына басқа жазбалар жазуға тыйым салынады

      (бірінші беттің ішкі жағы)

      ____________________________________

      сотталғанның қозғалысын тіркеу

Мекеменің атауы

Мекеменің орналасқан жері
(қала, ауыл,
станция)

Болу уақыты

Жеке істі тіркеу

Келді

Кетті

(бірінші жапсырма парақ)

      1-бөлім

      Жеке істің бірінші бөліміне мынадай құжаттар тігіледі:

      бұлтартпау шараларын таңдау туралы қаулы; ұстау хаттамасы немесе күзетпен ұстауға алу туралы анықтама; қамауға алу кезіндегі хаттамасы немесе тінту актісі; қамауға алынғанның сауалнамасы; дактилоскопиялық карта; сотталған жазасын өтейтін үкімнің көшірмесі (көшірмелері); аппеляциялық, кассациялық қаулының көшірмесі немесе үкімнің заңды күшіне енгені туралы сот хабарламасы; бұрынғы соттылығының бар-жоғы туралы анықтама; үкімді орындау мәселелері бойынша сот қаулысының көшірмесі; қаулының немесе үкімді өзгерту туралы немесе бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы сот қаулысының көшірмесі (оның ішінде, ШТМБ, ЖЖТА туралы, шартты босату туралы, ауруына байланысты жазаны өтеуден босату); Қазақстан Республикасы Президентінің Кешірім жасау туралы Жарлығын орындау туралы ұйғарым; рақымшылық қолдану туралы қаулылар, хаттамалардан үзінділер және басқа да құжаттар; босату немесе үкімнді өзгерту туралы құжаттарды орындау туралы хаттардың көшірмелері; қайтыс болу туралы медициналық құжаттардың көшірмесі, жазатайым жағдай туралы акті (егер өлім жазатайым оқиға нәтижесінде болса); сот - медициналық ашып қарау актісі (егер ол жүргізілген болса), жерлеу туралы немесе мәйітті туыстарына беру туралы акті, жергілікті атқарушы органдарына және заңды өкілдеріне жіберілген сотталғанның қайтыс болуы туралы хабарламалардың көшірмесі; сотталғанның қашуы туралы хабарламалар; босату туралы анықтамалардың көшірмелері; ақшаны, заттарды және басқа да бұйымдарды, сондай-ақ ордендерді, медальдарды және құжаттарды алғаны туралы түбіртектердің (актілердің) көшірмелері; қайтыс болған адамдардың заңды мұрагеріне жеке заттарын, ақшаны және басқа да бағалы заттарды беру немесе салып жіберу туралы түбіртектер; өндірістік жарақат алғаны туралы актілері және бас бостандығынан айыру орындарында болу кезінде мүгедектік алғанын растайтын құжаттар.

      Барлық құжаттар олардың келіп түсуіне қарай тігіледі және тізімге кіргізіледі.

Жеке істің бірінші бөліміндегі құжаттардың тізімі

№№
нөмірлері р/н

Құжаттың атауы

Парақтардың нөмірлері

Ескертпе

(екінші жапсырма парақ)

      2-бөлім

      Жеке істің екінші бөліміне мынадай құжаттар тігіледі:

      Сотталғанның мінездемесі; ШТМБ, ЖЖТА, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру, төтенше қауіпсіз мекемесінен қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеге ауыстыру, жазалау мерзімін қысқарту мәселелері бойынша материалдар, сондай-ақ осы мәселелер бойынша бақылау комиссиясының шешімдері, сотталғанды ерекше қадағалауға алудың қажеттігі туралы анықтама-бағдарлар (егер ол қашуға, есірткі пайдалануға бейім болса және тағы басқалары); көтермелеу мен жазалаулар туралы құжаттар, айдауылдану туралы қаулылар және оған құжаттар; инстанцияларға шағымдар мен өтініштерді жолдау туралы ілеспе хаттардың көшірмелері, өтініштерге жауаптар, жауап алу хаттамасы; мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламау туралы қолхат; сотталғанды түзету оның мінез-құлқын, байланыстарын сипаттау үшін маңызы бар және басқа да құжаттар.

      Барлық құжаттар олардың келіп түсуіне қарай тігіледі және тізімге кіргізіледі.

      Белгіленген тәртіппен ресімделмеген құжаттарды, олардан үзінділерді, құжаттардың жобаларын және басқа да жұмыс материалдарын тігуге тыйым салынады.

Жеке істің екінші бөліміндегі құжаттардың тізімі

№№
нөмірлері р/н

Құжаттың атауы

Парақтардың нөмірлері

Ескертпе

(екінші мұқабаның ішкі жағы)

      Құжаттары бар конвертті жапсыруға арналған орын

Конверттегі құжаттардың тізбесі

№№
нөмірлері р/н

Құжаттың атауы

Құжаттардың немесе парақтардың саны

Ескертпе

---------------------------------------------------------------------------------------------- Қолхат

      Босатылған кезде маған тиесілі құжаттарды, заттарды, ақшаларды, бағалы заттарды

      Толығымен алдым_____________________ (босатылғанның қолы)

      20__ жылғы "__" _______

      Істе барлығы ____________ парақ.

      __________________________________________________________________

      (істі мұрағатқа тапсыру үшін ресімделген адамның тегі, лауазымы, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2022 жылғы 23 мамырдағы
№ 370 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
қылмыстық-атқару жүйесі
мекемелерінде ұсталатын
адамдардың есебін жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

      нысан

      __________________________________________________________________
(анықтаманы жасаған органның атауы)
__________________________________________________________________
20__жылғы "___" ________________ (жасалған күні)


      № ___ ілеспе тізім бойынша
№__ жеке іс бойынша анықтама
1. Сотталғанның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (егер бірнеше болса барлығын жазу керек)
__________________________________________________________________
2. Туған жылы және жері ___________________________________________
(толық мекенжайы көрсетіледі)
3. Күзетпен ұстауға дейінгі тұрған жері
__________________________________________________________________
(толық мекенжайы көрсетіледі)
4. Қайда жіберіледі _________________________________________________
(қала, мекеме атауы)

      5. Қарауылмен берілетін орын
__________________________________________________________________
(станцияның, мекенжайдың атауы) қандай транзит-жөнелту пунктері арқылы өту тиіс
__________________________________________________________________
6. Айдауылдауға негіздеме
__________________________________________________________________
(наряд, бұйрық, сот немесе тергеу органының қаулысы, нөмірі, күні)
7. Санаты _________________________________________________________
(сотталған, кәмелетке толмаған, режим түрі, шет ел азаматы және тағы басқалары)
8. Қандай сот органы соттаған (қашан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің қандай баптары бойынша, қандай мерзімге немесе қандай бап бойынша
айыпталады)
__________________________________________________________________
9. Ерекше күзет керек пе және неге?
__________________________________________________________________
10. Ерекше белгілері:
__________________________________________________________________
11. Дәрігер анықтамасы:
__________________________________________________________________
1) денсаулық жағдайы туралы (дені сау, туберкулезбен ауырады, еріп жүрусіз жолда жүре
алады ма)
__________________________________________________________________
2) санитарлық өңдеуден өткені туралы (күні)
__________________________________________________________________
3) мекеменің эпидемиологиялық жай-күйі туралы
__________________________________________________________________
Дәрігер ___________________________________________________________
                              (тегі, қолы)
Бастық____________________________________________________________
                         (атағы, тегі, қолы)

Фотосурет
үшін орны

Елтаңбалы
мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады