Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 12.12.2017 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы №182 "Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-119 санымен тіркелген, 2010 жылы 21 сәуірде аудандық "Мұғалжар" газетінің №17 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Жеке меншігінде бір бірліктен асатын тұрғын үйі (пәтері, үй) бар азаматтар және тұрғын үйді жалға (арендаға) беруші немесе жалға алушы, қайта жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | Аудандық мәслихаттың |
сессия төрайымы | хатшысы |
Н.Қалиева | С.Салықбаев |