Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 182 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 14 сәуірде № 3-9-119 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 12.12.2017 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің атауы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 21.12.2012 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. "Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 21.12.2012 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Мұғалжар аудандық мәслихатының "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үй жәрдемін берудің тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" 2007 жылғы 16 ақпандағы № 2 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-46 санымен тіркелген және 2007 жылғы 4 сәуірдегі аудандық "Мұғалжар" газетінің № 14 санында жарияланған), аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 қазандағы № 11 "Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, тұрғын үй жәрдемін берудің тәртібі жөніндегі Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-56 санымен тіркелген, 2007 жылғы 21 қарашадағы аудандық "Мұғалжар" газетінің № 49 санында жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      кезекті жиырма төртінші хатшысы
      сессиясының төрағасы
      Н.Н.Иманов С.С.Салықбаев

  Аудандық мәслихаттың
  2010 жылғы 31 наурыздағы 
  № 182 шешімімен бекітілген

Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 21.12.2012 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Қағидасында бүкіл мәтін бойынша "тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты)" деген сөздер "кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін" деген сөздермен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 08.05.2015 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      Осы Қағида Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" № 512 Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 Қаулысына, Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.

      1. Осы Қағидада мынадай түсініктер пайдаланылады:

      1) тұрғын үй көмегі – келесі шығыстар сомасын төлеуге шығындарды ішінара өтеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) берілетін көмек:

      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;

      жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарына;

      жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалдау ақысына.

      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысынын шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ аспаптарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және салыстырып тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекеленген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;

      3) телефон үшін абоненттiк төлемақы тарифтері өсуінің өтемақысы - 2004 жылдың қыркүйегінде қолданыста болған абоненттік төлемақы арасындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуінің шығындарын өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы;

      4) өтініш иесі (жеке тұлға) - жеке тұлға өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жолыққан адам;

      5) отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;

      6) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 130 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.05.2015 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Тұрғын үй көмегі Мұғалжар ауданында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) беріледі.

      Тұрғын үй көмегі егер отбасының коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газға, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару) шығыстары, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға жұмсалатын, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы, тұрғын үй алаңының белгіленген нормасының шегінде өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес шығыстар, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін шығыстары осы мақсаттарға шекті үлесінен асқан жағдайда беріледі.

      Коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға ақы төлеуге және тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық кірісінің орталық жылу жүйесімен жылытылатын тұрғын үй тұтынушыларына 5 пайыз, ал жеке газбен жылытылатын тұрғын үй тұтынушыларына 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 130 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесіне, жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газды) тұтынғаны және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарының және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы шығындарының, байланыс қызметіне телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, азайту ретінде қолма-қол емес түрде беріледі. Белгіленген нормадан артық коммуналдық қызметті және байланыс қызметін тұтынғаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға арналған шығыстарды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу жалпы негізде жүргізіледі.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 130 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жылыту және күтіп ұстау шығындары, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы жөніндегі әлеуметті норманы есептеу кезінде барлық меншік түріндегі тұрғын жайлардағы тұрғын үй алаңының құрамында 1 адамы бар отбасы үшін алаңның әлеуметтік нормасы бір бөлмелі пәтердің көлемімен теңдеп 32 м2, құрамында 2 адамы бар отбасыға 40 м2, 3 немесе одан да көп құрамы бар отбасы үшін, негізгі алып отырған алаңынан аспаған жағдайда, әр адамға 18 м2 болып, ал жалғыз басты және жалғыз тұратын, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінде есепте тұрған зейнеткерлерге тұрғын үй көмегін есептеу үшін алаңның әлеуметтік нормасы, негізгі алып отырған алаңынан аспаған жағдайда, 50 м2 болып белгіленеді.

      5. Тұрғын үй көмегімен қамтамасыз ету үшін, электр қуатын пайдалануға құрамында 1 адамы бар отбасына 40 кВт, 2 адамы бар отбасына 60 кВт, 3 адамы бар отбасына 80 кВт, 4 одан да көп адамы бар отбасылар үшін 1 айға 100 кВт-тан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

      6. Коммуналдық қызметтерді есептейтін құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтік нормасын есептеу кезінде есептегіштер көрсеткіштеріндегі нақты шығындар, бірақ белгіленген тарифтер мен нормтивтерден артық емес қолданылады.

      7. Тұрғын үй көмегін алушылар жанұя құрамының және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерісі туралы 15 күннің ішінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарлауы тиіс.

      8. Тұрғын үй көмегі түрінде алынған заңсыз сома заңда белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алу үшін жолыққан айдан бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейінгі мерзімде жүргізіледі. Жолығу айы деп қоса берілетін құжаттармен бірге өтініш тапсырған ай есептелінеді.

      10. Тұрғын үй көмегі отбасы құрамы, іс жүзінде тұрғын жайдың алып отырған пайдалы ауданының көлемі, отбасының жиынтық кірісі, коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газды, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару) және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарына және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы шығындары көрсетілетін меншік иесінің, жалдаушының (жалға алушының) өтініші негізінде тағайындалады.

      Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 25.12.2013 № 130 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Азаматтардың табысы жөніндегі мәліметтерді тізімдер немесе электронды тасығыштардағы ақпараттар түріндегі тиісті төлемдерді есептеуді және аударуды жүргізетін мекемелер тоқсан басында бір рет растайды.

      12. Тұрғын үй көмегін алуға жолыққан отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу тұрғын үй көмегін алу үшін өтініш жасаған кезде өкілетті органға тапсырылатын құжат негізінде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      13. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметіне тарифтер, жалдау ақысының мөлшері өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.

      14. Коммуналдық қызметке төленбеген бережақ тұрғын үй көмегін беруден бас тартуға негіз болып табылмайды, бережақты қайтару туралы мәселені қызмет көрсетушілер сот арқылы шешеді.

      15. Ұсынылған құжаттардың қаралуы нәтижесінде екі дана келісім-шарт жасалады. Келісім-шарттың біреуі меншік иесіне (жалға алушыға) беріледі, ал екіншісі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде сақталады.

      16. Аталған келісім-шарт тұрғын үй көмегін беру үшін негіз болып табылады.

      17. Берілген ақпараттың растығына күдік туындаған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізуге, табысы туралы ақпарат сұрауға, табысын жасырған деректі анықтауға құқылы.

      18. Меншік иесі (жалға алушы) тұрғын үй көмегін есептеу үшін қайта тіркеуге ақпарат тапсырмаса, артық төленген көмек ақшасын қайтармаса, тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады.

      Жеке меншігінде бір бірліктен асатын тұрғын үйі (пәтері, үй) бар азаматтар және тұрғын үйді жалға (арендаға) беруші немесе жалға алушы, қайта жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

      Ескерту. 18 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 24.12.2014 № 187 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу.

      19. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      20. Тұрғын үй көмегінің барлық тиесілі ақшасы, көмек алушының арызы бойынша қызмет көрсетушілердің есеп шотына аударылады. Телефон үшін абоненттік тарифтердің төлемдерінің өсуіне төленетін өтемақыны есептеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, қалалық телекоммуникация желісі абоненттері болып табылатын, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал тобындағы азаматтарға телефон абоненті тарифінің өсуін төлеу үшін өтемақы Ережелеріне сәйкес жүргізіледі, төлем арызданушылардың екінші деңгейдегі банктердегі жеке есеп шотына аударылады.

      21. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған көмектің сомасын көрсетіп, меншік иелері мен жалға алушылардың тізімін қалыптастырады, ай сайын есеп жасайды, құрамын шығарады, тағайындалған көмектің сомасын есептейді және аудандық қаржы бөліміне қажетті қаражатқа тапсырыс береді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады