Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы №182 "Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 187 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 4174 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 12.12.2017 № 133 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы №182 "Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-119 санымен тіркелген, 2010 жылы 21 сәуірде аудандық "Мұғалжар" газетінің №17 санында жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген, Мұғалжар ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасында:

      18 тармақ:

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Жеке меншігінде бір бірліктен асатын тұрғын үйі (пәтері, үй) бар азаматтар және тұрғын үйді жалға (арендаға) беруші немесе жалға алушы, қайта жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихаттың

Аудандық мәслихаттың

сессия төрайымы

хатшысы

Н.Қалиева

С.Салықбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады