"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарының нормативтік ережелеріне сәйкес, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 "Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3642 тіркелген, 2013 жылдың 12 қыркүйегінде аудандық "Ойыл" газетінің № 34 санында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесінде 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
1 тармақтың 1 тармақшасындағы "тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге" деген сөздері;
2 тармақтағы 2 азат жолы бөлігіндегі ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептегіштің құнының" деген сөздері;
4 тармақтағы "сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге," деген сөздері;
10 тармағынан ", тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына" деген сөздері;
14 тармақтағы "тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құны, " деген сөздері;
19 тармақтағы "және тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнының" деген сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | C. Мусин |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: | Б. Бисекенов |