Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" Қаулысына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" Бұйрығына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қосымшаға сәйкес Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы: | Н. Таушанова |
Аудандық мәслихат хатшысы: | Б. Бисекенов |
Ойыл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 31 шілдедегі № 110 шешіміне қосымша |
Ойыл ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Ережесін бекіту туралы
1. Жалпы ережелер
Осы ереже Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленді және тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады:
1) тұрғын үй көмегі – келесі шығыстар сомасын төлеуге шығындарды ішінара өтеу үшін аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) берілетін көмек;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынғаны;
жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына;
жекешелендірілген тұрғын үйлерде (пәтерлерде) тұратын, жеке үйлерде тұратындарға беріледі.
2) телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтері өсуінің өтемақысы-2004 жылдың қыркүйегінде қолданыста болған абоненттік төлемақы мен қолданыстағы абоненттік төлемақы арасындағы айырмашылықты белгілейтін және телефонға абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуінің шығындарын өтеуге арналған тұрғын үй көмегінің құрамына кіретін ақшалай өтемақы;
3) өтініш иесі (жеке тұлға) - жеке өзінің немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жолыққан адам;
4) отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
5) уәкілетті орган – тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын "Ойыл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 18.02.2014 № 148 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.08.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ойыл ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі.
Тұрғын үй көмегі егер отбасының коммуналдық қызметтерді (орталықтандырылған жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газға, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару) шығыстары, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы, тұрғын үй алаңының белгіленген нормасының шегінде өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін, бірақ іс жүзінде алып отырған ауданнан және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтерінен көп емес шығыстар, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері үшін шығыстары осы мақсаттарға шекті үлесінен асқан жағдайда беріледі.
Коммуналдық қызметтерді тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға ақы төлеуге, тәулік уақыты бойынша электр қуатының шығынын саралап есептейтін және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр қуатын бір фазалық есептегіштің құнына, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақының ұлғаюы бөлігіндегі байланыс қызметіне шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының жиынтық кірісінің 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 18.02.2014 № 148 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Тұрғын үй көмегі тұрғын үй иесіне, жалдаушыға (жалға берушіге) есептелген сомамен салыстыру бойынша коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, кәріз, тамақ дайындағаны үшін газды) тұтынғаны және тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстарының және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы шығындарының, байланыс қызметіне телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнына шығындарының орнын толтыру үшін, азайту ретінде қолма-қол емес түрде беріледі. Белгіленген нормадан артық коммуналдық қызметті және байланыс қызметін тұтынғаны, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысын төлеу жалпы негізде жүргізіледі.
4. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі 2012 жылғы 1 шілдеден бастап 2014 жылғы 1 шілдеге дейін бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 4 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 18.02.2014 № 148 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) жылыту және күтіп ұстау шығындары, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы жөніндегі әлеуметтік норманы есептеу кезінде барлық меншік түріндегі тұрғын жайлардағы тұрғын үй алаңының бір адамға 18 ш.м. (жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 ш.м.), бірақ тұрғын жайдың іс жүзінде алып отырған пайдалы алаңының әлеуметтік нормасы қолданылады.
6. Коммуналдық қызметтерді есептейтін құралдары бар тұтынушылардың әлеуметтік нормасын есептеу кезінде есептегіштер көрсеткіштеріндегі нақты шығындар, бірақ белгіленген тарифтер мен нормативтерден артық емес қолданылады.
7. Тұрғын үй көмегін алушылар өзінің тұрғын жайының меншік түрінің, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез келген өзгерістер, көмекті дұрыс есептемеген жағдайлар туралы уәкілетті органға 10 күн ішінде ақпарат береді.
8. Тұрғын үй көмегі түрінде алынған заңсыз сома заңда белгіленген тәртіппен бюджетке қайтарылады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау оны алу үшін өтініш берген күннен бастап ағымдағы тоқсанның аяғына дейін мерзімде жүргізіледі. Өтініш берген айы деп құжаттармен бірге өтініш тапсырған айы есептеледі.10. Тұрғын үй көмегі отбасы құрамы, іс жүзінде тұрғын жайдың алып отырған пайдалы ауданының көлемі, отбасының жиынтық кірісі, коммуналдық қызметтерді (орталық жылыту және жеке газбен жылыту, ыстық, салқын сумен жабдықтау, канализация, тамақ дайындағаны үшін газды, электрмен жабдықтау, қоқыс жинау) және телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігіне, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарына шығындарына және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы шығындары көрсетілетін меншік иесінің, жалдаушының (жалға алушының) өтініші негізінде тағайындалады.
Ескерту. 10 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 18.02.2014 № 148 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
11. Азаматтардың табысы жөніндегі мәліметтерді тізімдер немесе электрондық тасығыштардағы ақпараттар түріндегі тиісті төлемдерді есептеуді және аударуды жүргізетін аудандық қызметтер, бөлімдер, ұйымдар тоқсан басында бір рет растайды.
12. Тұрғын үй көмегін алуға жолыққан отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін есептеу Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Агенттігінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу Қағидасын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
13. Коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметіне тарифтер, жалдау ақысының мөлшері өзгерген жағдайда бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегіне ағымдағы тоқсанда қайта есептеу жүргізіледі.
14. Тұрғын үй көмегінің мөлшері өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегіндегі коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін, телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігіндегі байланыс қызметтері, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстары, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы үшін меншік иесінің, жалға алушының (жалдаушының) төлемақы сомасы мен сол отбасының осы мақсаттарға шығындарының шекті мүмкін деңгейі арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі және іс жүзіндегі шығындар сомасынан артық болуы мүмкін емес.
Ескерту. 14 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 18.02.2014 № 148 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
15. Берілген өтініш және оған қоса берілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша екі данада келісім шарт жасалады, оның біреуі меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда), ал екіншісі – уәкілетті органда сақталынады.
16. Аталған келісім шарт тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз болады. Уәкілетті органнан келісім шарты алғаннан кейін меншік иесінде, жалға алушыда (жалдаушыда) коммуналдық қызметтерді жеткізушілерге он күндік мерзімде деректер базасына енгізу үшін ұсыну қажет.
17. Ақпаратқа сенімсіздік туындаған жағдайда уәкілетті орган:
1) өтініш иесінің тұрғын үй жағдайына тексеру жүргізеді;
2) тиісті ұйымдардан кірістер туралы ақпарат сұратады;
3) кірістерді жасыру фактілерін тексеру жөнінде салық қызметіне жолығады;
4) тұрғын үй көмегін мақсатты пайдалану туралы тұрғын үй инспекциясына сұраныс жасайды.
3. Қаржыландыру көздері
18. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру жергілікті бюджет қаржысы есебінен жүзеге асырылады.19. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады. Телефон үшін абоненттік төлемақы, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысы тарифтерінің өсуіне өтемақы төлеу алушының таңдауы бойынша, жеке шот реквизиттерін көрсете отырып, ол таңдаған екінші деңгейдегі банктің немесе оның өтініші негізінде банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің лицензиясы бар ұйымдарда жүзеге асырылады.
Ескерту. 19 тармаққа өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 18.02.2014 № 148 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
20. Тұрғын үй көмегін төлеуге арналған бюджеттік қаражаттың есептелуі мен шығыстарының дұрыстығын тексеру заңнамамен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.