Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Жаңақоныс селолық округі әкімінің 2011 жылғы 26 қазандағы № 4 «Жаңақоныс селолық округінің көшелерін атау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-160 тіркелген, 2011 жылдың 30 қарашасында аудандық «Шалқар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөздері тиісінше «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
2.
Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3.
Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі |
Е. Данабек |